Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 266 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2153 болып тіркелген, 2014 жылдың 6 мамырында "Ақ жол" газетінде жарияланған).2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 356 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2500 болып тіркелген, 2015 жылдың 19 ақпанында "Ақ жол" газетінде жарияланған, 2015 жылдың 1 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 249 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2820 болып тіркелген, 2015 жылдың 24 қарашасында "Ақ жол" газетінде жарияланған, 2015 жылдың 25 қарашасында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).