РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.
2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысымен бекітілген |
"Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1. Жалпы ережелер
1. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру, әлеуметтік әріптестік арқылы ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық –құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қарахан көшесі, 1 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджетттерден жүзеге асырылады.
13. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:Жамбыл облысы тұрғындарының өмір сүру денгейінің сапасын және әл-ауқатын арттыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясатты іске асыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің және әлеуметтік көмектің сапасын жақсарту.
15. Міндеттері:
1) жұмыспен қамту мәселесі жөнінде қызметін үйлестіру;
2) аз қамтылғандар мен баласы бар отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету;
3) жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;
4) мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
16. Функциялары:
1) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңдарымен және халықты жұмыспен қамту мен халықты әлеуметтік қорғау бойынша өзге де нормативтік-құқықтық актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
2) еңбек қатынастары бойынша қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын облыстық органдармен бірлесіп іс-әрекет жасау және қажеттілігіне қарай әдістемелік көмек көрсету;
3) мекеме құзыретіне кіретін барлық қызмет бағыттары бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Тараз қаласы мен аудандардағы органдардың қызметін үйлестіру, оларға әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен регламенттері бойынша;
4) еңбек нарығы бойынша қысқа және ұзақ мерзімдік болжам жасау үшін мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, еңбек нарығына талдау жасау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып облыстағы халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау саясатындағы басты бағыттарды белгілеу;
5) жұмыссыздарды кәсіби оқыту жұмыстарын ұйымдастыру, бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді пайдалануына талдау жасау;
6) ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына бөлінген қаражаттың тиімді пайдалануына талдау жасау және оларды жетілдіру жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
7) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігіндегі нысаналы топтарды жұмыспен қамту;
8) қалалық, аудандық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың, жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне талдау жасау және олардың жұмыстарын жетілдіру үшін қажетті шаралар қолдану;
9) еңбек нарығының, еңбек қатынастарының және әлеуметтік қорғаудың жағдайлары туралы бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы тұрғындар арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізу;
10) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша ведомстволық және статистикалық есептерді дайындау;
11) азаматтардың әлеуметтік құқығын іске асырудың тиімді әдістерін енгізу, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету;
12) тұрмысы төмен азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға материалдық көмек және басқа да жәрдемақылар тағайындаған кезде қолданыстағы заңнамалық нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету;
13) мүгедектерге санаторлы-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек көрсету және оларды сурдо-тифло техникамен, басқа да компенсаторлық жабдықтармен және арнаулы қозғалу құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
14) интернат үйлерінде, мүгедектер және мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарындағы азаматтарға қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру
15) халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша мәліметтер мен ақпараттарды жедел жинау және жалпылау шараларын жүзеге асыру;
16) халықтың тұрмысы төмен бөлігіне демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорлармен, заңды және жеке тұлғалармен бірлесе әрекет жасау және оны үйлестіру;
17) тұрмысы төмен азаматтарды және олардың мәртебесін анықтау және еңбек, соғыс ардагерлерімен жұмыс жүргізуге, әлеуметтік колдау көрсетуге ықпал ету;
18) азаматтарды қабылдауды және оларға халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңес беруді жүзеге асыру;
19) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардан келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды, ұсыныстарды және басқа да өтінімдерді қарау, олар бойынша тиісті шаралар қолдану және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамалық, құқықтық және басқа актілерін қолдану тәртібін түсіндіру;
20) мекеменің жұмысына жұмыс орындарын автоматтандыру бойынша ақпараттық технологиялардың жаңа үлгілерін енгізу, арнайы бағдарламаларды енгізу, компьютерлік техника көмегімен жұмыстың қазіргі әдістерін меңгеру бойынша мамандарға оқыту семинарларын ұйымдастыру;
21) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерімен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;
22) жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыру, мекемедегі басқару жүйесінің қызметін бағалау мақсатында мекеме қызметтерінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
23) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
24) оралмандар мен еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру;
25) оралман және қоныс аударушы куәліктерін беру;
26) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастыру.
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп- қонушылардың балаларының білім алу құқығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану.
28) Қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығының қызметін үйлестіру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық әкімдігінің 26.12.2014 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1) құрылымдық мекемелер, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жұмыспен қамту орталықтарынан есептер, ақпараттар сұрату;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, салық органдарымен, ішкі істер органдарымен, республикалық және аймақтық деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен әр тараптың өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттама мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемсiз негiзде алмасу.
Міндеттері:
1) өңірлік деңгейде жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жамбыл облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мекеменің басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
2) мекеменің функцияларына сай келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған мекеме басшысының әрекеттері еңбек міндеттемесін бұзу болып саналады және белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапқа тартуға негіз болады;
3) мекеме басшысы дара басшылық принципімен әрекет етеді, мекеме қызметіне байланысты барлық мәселені өкілетті органмен берілген құзырының шегінде және осы Ережеге сәйкес өз бетімен шешеді.
Мекеме Басшының құқықтары:
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық органдарда мекеме мүддесін білдіреді;
3) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
4) банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
5) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
6) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
7) қызметкерлерді марапаттайды және оларға қатысты тәтіптік жазалау шараларын қабылдайды;
8) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
9) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің сандық лимитін бекітеді;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен қарамағындағы мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қарамағындағы мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын), бас бухгалтерін қызметке тағайындау мен босатуға келісім береді;
"Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы әкімдігінің 22.10.2015 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Ескерту. Тізбесіне өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы әкімдігінің 26.12.2014 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының № 1 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының № 2 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының № 3 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5. алып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 22.10.2015 №249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
8. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
9. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тараз қаласындағы №1 Жүйке аурулар интернат үйі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.