"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Председатель
Комитета автомобильных дорог
Министерства по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
М. Пшембаев
06.02.2015 года
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 374 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда –Жамбыл облысы әкімдігінің 11.05.2023 № 79 (алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ р/с | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Автомобиль жолдарының мекен-жайы, шақырым | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | КН-1 | "Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент" | 0-163 | 163 |
2 | КН-2 | "Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент" | 11-186 | 175 |
3 | КН-3 | "Ақкөл-Қойгелді" | 0-30 | 30 |
4 | КН-4 | "Саудакент-Тоғызкент" | 0-43,2 | 43,2 |
5 | КН-5 | "Ақкөл-Үшарал-Тоғызкент" | 0-66 | 66 |
6 | КН-6 | "Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ" | 3,4-50,7 | 47,3 |
7 | КН-7 | "Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық" | 1,7-116,5 | 114,8 |
8 | КН-8 | "Б.Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған" | 0-76,58 | 76,58 |
9 | КН-9 | "Бірлік-Мойынкұм-Ұланбел-Шығанақ" | 0-344 | 344 |
10 | КН-10 | "Ақкөл-Ойық-Ұланбел" | 0-168,6 | 168,6 |
11 | КН-11 | "Аса-Қарабастау" | 0-38,5 | 38,5 |
12 | КН-12 | "Луговая станциясы-Қорағатты-Тәтті" | 0-61,9 | 61,9 |
13 | КН-13 | "Нововоскресеновка-Аспара" | 0-35,9 | 35,9 |
14 | КН-14 | "Төле би-Шоқпар" | 0-64 | 64 |
15 | КН-15 | "Төле би-Мойынкұм-Ақтөбе" | 6-32 | 26 |
16 | КН-16 | "Кемер-Бірлік-Үстем" | 0-22,1 | 22,1 |
17 | КН-17 | "Үшбұлақ-Сарыкемер" | 0-6,15 | 6,15 |
18 | КН-18 | "Әбілдабек-Бақалы-Сұрым станциясы-Бәйтерек" | 0-31,95 | 31,95 |
19 | КН-19 | "Тоғызкент-Досбол-Шығанақ" | 0-103,6 | 103,6 |
20 | КН-20 | "Құмарык-Қызылту-Ақыртөбе" | 0-28,8 | 28,8 |
21 | КН-21 | "Құмарык-Юбилейный" | 0-17,15 | 17,15 |
22 | КН-22 | "Б.Момышұлы-Көктөбе-Алатау" | 0-24,15 | 24,15 |
23 | КН-23 | "Меркі-Шу-Бурылбайтал" | 0-7 | 7 |
24 | КН-24 | "Құлан ауылына шығыстан кіру" | 0-10 | 10 |
25 | КН-25 | "Құлан ауылына батыстан кіру" | 0-10 | 10 |
26 | КН-26 | "Құлан ауылына солтүстіктен кіру" | 0-2 | 2 |
27 | КН-27 | "Тараз қаласына шығыстан кіру" | 0-14 | 14 |
28 | КН-28 | "Тараз қаласына батыстан кіру" | 0-8 | 8 |
29 | КН-29 | "Тараз қаласының Қырғызстан шекарасына оңтүстік айналмасы" | 0-16,1 | 16,1 |
Барлығы: | 1755,78 |