Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жіктеу тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 372 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 ақпанда № 2521 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жіктеу тәртібі мен шарттары бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
29 желтоқсандағы № 372
қаулысымен бекітілген

Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жіктеу тәртібі мен шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Жамбыл облысының автомобиль жолдарын жiктеу тәртібі мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.

2. Жiктеу тәртiбi және шарттары

      2. Жалпы пайдаланымдағы облыстық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Шаруашылық автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн жiктеу жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi.
      Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
      Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келiсiм жiберiледi.
      Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.

3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi

      4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.
      Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
      Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
      Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
      5. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
      Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi.
      Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi: бұл жағдайда Жамбыл облысы "Н" әрпімен белгіленеді.
      "КН" әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi

р/с №
Жамбыл облысы аудандарының атаулары
Индекстегi әріптің атауы
1
Сарысу
SR
2
Т.Рысқұлов
RS
3
Меркі
MK
4
Қордай
KR
5
Шу
SH
6
Мойынқұм
MO
7
Жуалы
GU
8
Байзақ
BZ
9
Жамбыл
GB
10
Талас
TL

      Автомобиль жолы екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірліктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады