РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д. Әбдіқасымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Қ. Иманалиев |
Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "27" маусымдағы № 354 қаулысымен бекітілген |
"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру функциялары бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080400, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Белашов көшесі, 3.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:Қордай ауданы тұрғындарының өмір сүру денгейінің сапасын және әл-ауқатын арттыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясат құру және іске асыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің және әлеуметтік көмектің сапасын жақсарту.
15. Міндеттері:
1) жұмыспен қамту мәселесі жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;
2) аз қамтылғандар мен баласы бар отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету;
3) жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;
4) мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
16. Функциялары:
1) "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы заңдарымен халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
2) жұмыспен қамту қызметіне кайырылғандардың және жергілікті жерлердегі жұмыссыздардың кәсіптік құрамы мен бос жұмыс орындарының айырмаларының себептерін анықтай отырып, Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық өзгерулеріне талдаулар жүргізу;
3) халықтың әртүрлі категорияларына әлеуметтік зерттеу жүргізуді ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп экономикадағы құрылымдық өзгерістерді анықтау және аудандағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мен оларды әлеуметтік қорғау саясатының негізгі бағыттарын белгілеу;
4) жұмыссыздарды кәсіби оқыту жұмыстарын ұйымдастыру, жұмыс орындарындағы мамандарға сұранысты анықтау, оқу бағдарламаларын таңдау, оқу орындарымен жұмыссыздарды оқыту үшін келісім шарт жасау;
5) ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, кәсіптік оқуға, қоғамдық жұмыстарға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалау және оларға тиісті іс-шаралар қабылдау;
6) жұмыспен қамту бөліміне қайырылғандардың еңбек нарығындағы сұранысына болжамдық-аналитикалық бағалау жүргізу;
7) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігіне жататын нысаналы топтарды жұмыспен қамту;
8) азаматтарды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық акциялар және бағдарламалар ұйымдастыру, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу;
9) халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігі үшін қосымша жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету;
10) жұмыспен қамту қызметін реттейтін нормативтік базаны жетілдіру туралы ұсыныстарды дайындау;
11) 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында "Жастар тәжірибесі" атты бағдарламаны жүзеге асыру;
12) азаматтардың әлеуметтік құқығын іске асырудың тиімді әдістерін енгізу, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету;
13) тұрмысы төмен азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға материалдық көмек және басқа да жәрдемақылар тағайындаған кезде қолданыстағы заңнамалық нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету;
14) әр түрлі әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
15) протездік-ортопедиялық көмекке, сурдо-тифло техникаға, арнаулы қозғалу құралдарына мұқтаж азаматтарға аталған көмектерді алуына жәрдемдесу;
16) халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігіне демеушілік, қайырымдылық көмек көрсету бойынша қоғамдық ұйымдармен және қайырымдылық қорлармен өзара үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
17) аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және есебін жүргізу;
18) жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, тұрмысы төмен отбасыларындағы азаматтардың мәртебесін анықтау, соғыс және еңбек ардагерлерімен, мүгедектермен жұмыс жүргізу, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
19) азаматтарды қабылдау және оларға әлеуметтік мәселелер бойынша түсініктер беру;
20) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстарын, арыздары мен шағым хаттарын қарау, олар бойынша тиісті шаралар қолдану, халықты жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілердің қолданылу тәртібі бойынша түсініктер беру;
21) бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау туралы заңдылықтарды бұзудың алдын алу шараларын жүргізу;
22) кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
23) аудандағы жалпы мүгедектердің тізімін анықтап, олардың әлеуметтік көмекке мұқтаждықтарын анықтау;
24) Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы" Заңының талаптарына сәйкес, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді;
25) жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыру, мекемедегі басқару жүйесінің қызметін бағалау мақсатында мекеме қызметтерінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мекемеге мемлекеттік орган ретінде өзіне қойылған міндеттер мен қызметті атқару үшін заңнама актілеріне, Қазақстан Республикасы актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құқықтар анықталады;
2) мекеме осы Ережеде бекітілген қызмет міндетіне және функциясына сәйкес келмейтін қызметтермен уәкілетті органның рұқсатымен ғана айналыса алады;
3) мекеменің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер уәкілетті органның талап етуі бойынша заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) басшы - заңды тұлға болып есептелетін мекеменің басшы органы ретінде, өзін тағайындау жөніндегі аудан әкімінің өкімі негізінде немесе басшы мен өкілетті орган арасындағы шарт негізінде қызмет атқарады;
2) мекеменің басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
3) мекеменің функцияларына сай келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған мекеме басшысының әрекеттері еңбек міндеттемесін бұзу болып саналады және белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапқа тартуға негіз болады;
4) мекеме басшысы дара басшылық принципімен әрекет етеді, мекеме қызметіне байланысты барлық мәселені өкілетті органмен берілген құзырының шегінде және осы Ережеге сәйкес өз бетімен шешеді;
5) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
7) өз орынбасарының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
8) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
9) банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
10) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
12) жұмыскерлерді марапаттау және шара қолдануды анықтайды;
13) бекітілген шығындар сметасы көлемінде ақша қаражаттарының жұмсалуына иелік етеді.
"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.25. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
26. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.