Сарыбұлақ ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 34 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 2471 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес және Қордай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 10 қазандағы № 02/246 ұсынысы негізінде ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсақ мүйізді малдарының бруцеллезден эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Сарыбұлақ ауылдық округі Сарыбұлақ ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М. Джортбасовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі М. Ибраимов

      "Сарыбұлақ ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 34 шешіміне келісім парағы.
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы Ішкі істер Департаментінің
      Қордай аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Б. Баймұхамбетов
      2014 жыл "22" желтоқсан
      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
      Қордай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы
      С. Баеков
      2014 жыл "22" желтоқсан
       "Қордай ауданы бойынша тұтынушылар
      құқығын қорғау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі басшысы
      М. Саулебаев
      2014 жыл "22" желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады