РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Тоқсанбаеваға жүктелсін.
3.
Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі |
Қ. Мәдібек |
Сарысу ауданы әкімдігінің |
2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ |
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (орын), оның ішінде қаржыландырылатын |
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын |
Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) |
||
республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге) |
Жергілікті бюджет есебінен (теңге) |
республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге) |
Жергілікті бюджет есебінен (теңге) |
|||
1 |
Балабақшалар (ауыл) |
100 |
300 |
19413 |
19413 |
5000 |
2 |
Шағын орталықтар (ауыл) |
200 |
50 |
13654 |
13654 |
3500 |
3 |
Балабақшалар (қала) |
585 |
280 |
17782 |
17782 |
5000 |
4 |
Шағын орталықтар (қала) |
75 |
50 |
12195 |
12195 |
3500 |