"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 47/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 қыркүйекте № 2756 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 33/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2015 № 33/03 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңдарына және "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы"" Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 36/02 қаулысы жойылсын.
      3. "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы"" Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 35/07 қаулысының (2013 жылдың 16 шілдесінде № 2361 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдедегі № 126-127 (21533) "Орталық Қазақстан" және 2013 жылғы 25 шілдедегі № 104-105 (21437-21438) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының
      әкімі                                      Н. Әбдібеков

Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 47/02 қаулысымен
бекітілген

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" – мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Қарағанды облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша "Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру "Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – облыстың жергілікті атқарушы органының ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, немесе үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес өтініші және стандарттың 9-тармағына сәйкес қоса берілген құжаттары (бұдан әрі - өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері тіркейді және басшыға 30 (отыз) минуттың ішінде береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қоя отырып, жауапты орындаушыны 30 (отыз) минуттың ішінде таңдайды;
      3) жауапты орындаушы шешім жобасын дайындайды және келісуші мемлекеттік органмен келісуге жолдау үшін сұранымды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына (күнтізбелік 2 күн ішінде) жолдайды;
      4) келісуші мемлекеттік органның келісуі немесе бас тартуы күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;
      5) теріс жауап болған жағдайда, бас тарту туралы дәлелденген жауап дайындалады, басшының қолы қойылады және кеңсеге жолданады (3 жұмыс күні ішінде);
      6) келісуші мемлекеттік органанның оң жауабы болған жағдайда, шешім жобасын облыстық әкімдікпен келісу жұмыстары күнтізбелік 22 (жиырма екі) күн ішінде жүргізіледі;
      7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шешімді 30 (отыз) минуттың ішінде тіркейді.
      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) басшының бұрыштамасы;
      3) қол қойылған сұранымды;
      4) келісу нәтижесі;
      5) мемлекеттік қызметті көрсетуден дәйекті бас тарту;
      6) қол қойылған шешім;
      7) көрсетілетін қызметті алушыға шешімді беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты орындаушы;
      4) келісуші мемлекеттік орган;
      5) облыс әкімдігі.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:
      1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері тіркейді және басшыға 30 (отыз) минуттың ішінде береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қоя отырып, жауапты орындаушыны 30 (отыз) минуттың ішінде таңдайды;
      3) жауапты орындаушы шешім жобасын дайындайды және келісуші мемлекеттік органмен келісуге жолдау үшін сұранымды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына (күнтізбелік 2 күн ішінде) жолдайды;
      4) келісуші мемлекеттік органның келісуі немесе бас тартуы күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;
      5) теріс жауап болған жағдайда, бас тарту туралы дәлелденген жауап дайындалады, басшының қолы қойылады және кеңсеге жолданады (3 жұмыс күні ішінде);
      6) келісуші мемлекеттік органанның оң жауабы болған жағдайда, шешім жобасын облыстық әкімдікпен келісу жұмыстары күнтізбелік 22 (жиырма екі) күн ішінде жүргізіледі;
      7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шешімді 30 (отыз) минуттың ішінде тіркейді.
      10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетілген рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттаудың блок-схемасы осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттаудың блок-схемасы

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады