"Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 12/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 маусымда № 2668 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 35/14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 20.12.2016 № 35/14 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.Д. Ахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жезқазған қаласының әкімі
С. Шайдаров

      

  Жезқазған қаласы әкімдігінің
22 мамырдағы 2014 жылғы
№ 12/01 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

"Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның бірыңғай жүйесіне енеді және тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі орган болып табылады.
      2. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаша алаңы,1 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер қалалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      - тұрғын үй қоры саласына мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      1) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тексеріс жүргізу;
      2) тексеріс жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс тәртібіне кедергі келтірмеу;
      3) тексеріс жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
      4) тұрғын үй қорын ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;
      15. Функциялары:
      1) тұрғын үйлер, инженерлік коммуникациялар жағдайына техникалық қадағалау жүргізу;
      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді;
      3) кондоминиум нысандарының жалпы мүлкін қалыпты пайдалану мен сақталуын қамтамасыз ету;
      4) тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жекелеген түрлеріне кезекке қою тізімін анықтау;
      5) тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жекелеген түрлерінің смета шығындарына келісім беру;
      6) тұрғын үй қорының жағдайына мониторинг жүргізу;
      7) тұрғын үйлер мен олардың инженерлік желілеріне жүргізілген күрделі жөндеу немесе қайта жаңартудан кейін пайдалануға қабылдап алу комиссиясының жұмысына қатысу.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) тексеріс жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсете отырып тексерілетін объектіге баруға;
      2) кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түп нұсқаларымен танысуға;
      3) жайлар (пәтер) иелерінің жалпы жиналысына біліктілік талаптарына сай келетін кооператив басқармасының төрағасы лауазымына кандидатура ұсынуға;
      4) Заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан және жеке тұлғалардан бөлімге жүктелген функцияларды орындауға қажетті ақпараттарды анықтамаларды, құжаттарды сұрауға және алуға;
      5) заңнамасымен белгіленген тәртібімен тұрғын үй заңдылықтарын және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бұзған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы талап қоюға;
      6) Мемлекеттік мекемесінің функцияларына байланысты мамандар шағым түсіруге, соттарда шағымдалуын, жауап беруші, үшінші тұлға, куә болуға;
      7) Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес өзінің құзыреті шегінде басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға;
      8) кондоминимум объектісінің жалпы мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқама шығаруға.

3. Мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жезқазған қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) мемлекеттік мекеменің (бұдан әрі ММ) құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) заңнамасына сәйкес (ММ-нің) қызметшілерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      3) заңнамасында белгіленген тәртіппен (ММ-нің) қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      4) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
      5) Жезқазған қаласының әкімдігі бекіткен штат санының лимиті шегінде құрылым бекітеді;
      6) қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда (ММ-нің) атынан әрекет етеді;
      7) Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" Заңына сәйкес қарауындағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы үшін дербес жауапты болады.
      "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады