Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 29/5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 мамырда № 2646 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 35/5 шешімімен

      Ескерту.Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 24.12.2014 N 35/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      мәслихат хатшысы                           В. Свиридов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі басшысы
      Ю. Ким
      18 сәуірдегі 2014 жыл

Теміртау қалалық мәслихатының
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 29/5 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары

      Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Теміртау қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) кедейлiктiң шегі - адамның ең аз қажетiн қанағаттандыру үшiн қажеттi экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты республикада бекітілген кiрiстiң шегi. Кедейлiктiң шегi ең төменгі күнкөріс деңгейінің негізінде анықталады, республика бойынша тоқсан сайын, сондай-ақ аумақтар деңгейінде Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша есептеледі және аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету кезінде өлшем ретінде пайдаланылады;
      5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ЖҚ және ӘББ);
      9) уәкілетті ұйым - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ЗТМО);
      10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер және мереке күндерінің тізбесі:
      1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күні (9 мамыр);
      2) Балаларды қорғау күні (1 маусым);
      3) Қарттар күні (1 қазан);
      4) Мүгедектер күні (қазанның екінші жексенбісі).
      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстық ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Атаулы және Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылар тізбесі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері;
      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар: қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелді қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлері, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары; Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдері, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар; қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар; екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындар; бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер; 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;
      4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар:
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;
      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар;
      басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер;
      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;
      5) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғыс қатысушыларына теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары:
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;
      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;
      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен аварияларды жою барысында қайтыс болғандардың отбасы;
      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы;
      қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай);
      қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар;
      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
      1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;
      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
      6) жетпіс бес жасқа толғандар және одан да үлкен зейнеткерлер;
      7) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
      8) мүгедек балалар;
      9) жетім балалар;
      10) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      11) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқып жүрген балалар - олар оқу орындарын бітірген уақытқа дейін) көп балалы аналардың балалары;
      12) асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алатын балалар;
      13) өсуде мүмкіндіктері шектеулі балалар;
      14) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балалары.
      8. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) жан басына шаққандағы орташа табыс ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 мөлшерінен аспайтындығы негіздеме болып табылады.
      9. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірген жағдайда әлеуметтік көмек осы жағдайлар туындаған сәттен бастап алты ай ішінде көрсетіледі.
      10. Әлеуметтік көмектің шекті жол берілетін мөлшері 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы және мереке күндеріне бірнеше негіздеме бойынша әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік көмек тек бір негіздеме бойынша беріледі.
      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан ЖҚ және ӘББ немесе Ақтау кенті әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде ЖҚ және ӘББ немесе Ақтау кенті әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 23-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды ЖҚ және ӘББ немесе Ақтау кенті әкімі жібереді.
      Кент әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда ЖҚ және ӘББ әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда ЖҚ және ӘББ тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      20. ЖҚ және ӘББ учаскелік комиссиядан немесе Ақтау кенті әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      22. ЖҚ және ӘББ өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда ЖҚ және ӘББ өтініш берушіден немесе Ақтау кенті әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      23. ЖҚ және ӘББ шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      24. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қала бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және
қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды ЖҚ және ӘББ "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Теміртау қаласы мен Ақтау
кентінің мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларына
1-қосымша

нысан

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

_____________________________________________________________________
                      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
                       (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с №

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы

































      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ________________

      Отбасының құрамы туралы
      мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. ___________________________
                                                   (қолы)

Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Теміртау қаласы мен Ақтау
кентінің мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларына
2-қосымша

нысан

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20 __ ж. "___" ____________             _______________________
                                                  (елді мекен)
      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
      2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай

















































      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____
адам.
      Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам,
оқу құны жылына __________ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан
қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
қосу керек) _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй
кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
_____________________________________________________________________
      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына





































      6. Мыналардың:
      авто көлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_____________________________________________________________________
________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып
жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен
мәлімделген табыс) __________________________________________________
_____________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқкиіммен
қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
_____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:
      ________________________ ________________________

      Комиссия мүшелері:
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
              (қолдары)                (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
                                  Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш
берушінң (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Теміртау қаласы мен Ақтау
кентінің мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларына
3-қосымша

нысан

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

20 __ ж. ___ ____________

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________
              (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде _____________________________________________
                           (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
                         __________________ _______________________
                         __________________ _______________________
                         __________________ _______________________
                              (қолдары)            (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
      20 __ ж. "___" ___________ қабылданды.
      Құжаттарды қабылдаған кент әкімінің ЖҚ және ӘББ қызметкерінің
Т.А.Ә., лауазымы, қолы ______________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады