2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 12 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 ақпанда № 2540 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Гармашова Н.Н.) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын және 2014 жылға берiлген тапсырыстар бойынша кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге 220 жұмыссыз азаматтарды жіберсін.

      2. Қоғамдық жұмыстардағы жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 5 күн (күніне 8 сағат), сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін деп белгіленсін.

      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін. Қоғамдық жұмыстар қала бюджет қаражатынан қаржыландырылсын.

      4. Қосымшаға сәйкес 2014 жылда қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің тізімі бекітілсін.

      5. Қаражал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 05 "2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 15 ақпанда нөмірі 2166 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2013 жылғы 23 ақпандағы № 8-9 санында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.

      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаражал қаласының әкімі

Қ. Шорманбаев


  Қаражал қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 29 қаңтардағы
№ 12 қаулысына
қосымша

2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыратын кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың
тізімі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысатын мекемелер, кәсіпорындар

Қатысу мерзімі, ай

Саны, адам

Атқарылатын жұмыстар көлемі

Қаржыландыру көздері

Жұмыстарға еңбек ақы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына қала, елді мекендердің аумақтарын тазалауға көмектесу








Барлығы:



104


Қала бюджеті

6266520



"Қаражал қаласы әкімиятының коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

3

100

2,2

текше метр күніне

Қала бюджеті

6025500

Мемлекеттік мекеме "Шалғы поселкесі Әкімінің аппараты"

3

4

1,0

текше метр күніне

Қала бюджеті

241020

2.

Экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру және көркейту, демалыс аймақтарын сақтау)








Барлығы:



38


Қала бюджеті

2289690



"Қаражал қаласы әкімиятының коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

3

38

2,2

текше метр күніне

Қала бюджеті

2289690

3.

Мәдени мазмұндағы ауқымды шараларды (спорттық жарыстар, фестивальдер, балалар алаңдарын тұрғызу, қар қалашықтарын жасау) ұйымдастыруға көмектесу








Барлығы:



2


Қала бюджеті

120510



"Қаражал қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

2

күніне 10-15 құжат

Қала бюджеті

120510

4.

Аймақтық қоғамдық науқандарға қатысу (қоғамдық пікір сауалдары, мал және құс санағы, әлеуметтік карта жасау үшін аулаларды аралау, курьер)








Барлығы:



10


Қала бюджеті

602550



"Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

3

4

күніне 10-30 құжат

Қала бюджеті

241020

"Жәйрем поселкесі Әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

3

6

күніне 8-10 құжат

Қала бюджеті

361530

5.

Жұмыстың басқа түрлері








Барлығы:



66



3976830


1) қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындар мен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

4

күніне 8-10 құжат

Қала бюджеті

241020

"Жәйрем поселкесі Әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

3

4

күніне 5-7 құжат

Қала бюджеті

241020


2) салық төлеушілердің есебін жүргізу, салық төлеу жөніндегі хабарламаларды тарату

"Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Қаражал қаласы бойынша Салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

3

6

күніне 10-15 құжат

Қала бюджеті

361530

"Жәйрем поселкесі Әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

3

6

күніне 8-10 құжат

Қала бюджеті

361530


3) қала құрылысы кадастры базасына деректерді енгізуге және шаруашылық құрылысқа түгендеу жүргізуге көмек көрсету, курьер

"Қаражал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі "мемлекеттік мекемесі

3

2

күніне 10-20 құжат

Қала бюджеті

120510


4) құжаттарды дайындауға қажетті көмек көрсету, мұрағатқа өткізетін құжаттарды өңдеу, курьер

"Қаражал қалалық соты" мемлекеттік мекемесі

3

4

күніне 15-20 құжат

Қала бюджеті

241020

"Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

2

күніне 10-30 құжат

Қала бюджеті

120510

"Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

2

күніне 15-20 құжат

Қала бюджеті

120510

"Қаражал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

3

күніне 8-10 құжат

Қала бюджеті

180765

"Қаражал қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

2

күніне 10-20 құжат

Қала бюджеті

120510

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қаражал қалалық қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

3

2

күніне 10-15 құжат

Қала бюджеті

120510

"Қаражал қаласының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі

3

4

күніне 10-15 құжат

Қала бюджеті

241020

"Қаражал қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

2

күніне 5-7 құжат

Қала бюджеті

120510

"Қарағанды облысының статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі

3

2

күніне 5-7 құжат

Қала бюджеті

120510

"Қарағанды облысының ішкі істер Департаменті Қаражал қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

4

күніне 10-20 құжат

Қала бюджеті

241020

"№ 7 жалпы білім беретін орта мектебінің филиалы" мемлекеттік мекемесі

3

3

күніне 5-7 құжат

Қала бюджеті

180765

"№ 6 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

3

4

күніне 5-7 құжат

Қала бюджеті

241020


5) жер базасына жер телімдері деректерін енгізу және жер телімдерін түгендеуге жүргізуге көмек көрсету, курьер

"Қаражал қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

2

күніне 10-15 құжат

Қала бюджеті

120510


6) Әділет органдарында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыс, жылжымайтын мүлік тіркелімінің электрондық мұрағатын қалыптастыру бойынша жұмыстарды орындау, курьер

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет Департаменті Қаражал қаласының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі

3

8

күніне 10-15 құжат

Қала бюджеті

482040


ЖИЫНТЫҒЫ:



220



13256100


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады