Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 17.08.2018 XXV сессиясының № 228 шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі ХХIХ сессиясының № 234 "Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін өңірлерге бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2652 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымдағы № 24 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі мәтінінің 3 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
XXXV сессияның төрағасы Қалалық мәслихаттың хатшысы | Т. Қасымов З. Оспанова |
| |||||||||
|
Жер салығының ставкаларын жоғарылату немесе төмендету
Өңірлер нөмiрлерi | Жер салығының ставкаларын жоғарылату (+), төмендету (-) | Шекаралары |
Қаражал қаласы және Шалғы кенті | ||
I | + 27 % | 5 қабатты үйлер, әкімшілік ғимарат, қонақ үй, аурухана, салық басқармасы орналасқан қаланың орталық бөлігі (шекаралары: солтүстікте - Битабар көшесі, шығыста - 12 орам, оңтүстікте - 25 орам, батыста - Дүкенов көшесі) |
II | + 20 % | Қойма үй-жайлары, жылу- сумен жабдықтау цехы, спорт кешені, мешіт орналасқан коммуналды-қоймалық аумақ (шекаралары: оңтүстікте - Битабар көшесі, солтүстік, шығыс, батыста- құрылыстан босатылған жерлер) |
III | + 5 % | Жеке сектор үйлері орналасқан қаланың батыс бөлігі (Шевченко, Амангелді, Гагарин, Қарағанды, Кенесары, Горняков көшелері) |
IV | ± 0 % | Теміржол көлігі объектілері қамтыған қаланың өндірістік аумағы |
V | 0,16 % | Көп қабатты құрылыс үйлері орналасқан 25 орам аумағы |
VI | – 32 % | Құрылысшылар және ескі Қаражал ықшам аудандары |
VII | –35 % | Станциялық ықшам ауданы |
VIII | – 37 % | Шалғы кентінің аумағы |
IX | –45 % | Ақтай ықшам ауданы, Степная көшесі |
X | –50 % | Қаражал қаласы жерлерінің әкімшілік-аумағының шекарасындағы қалған аумағы |
Жәйрем кенті | ||
I | + 12 % | Бизнес орталығы, қонақ үйі, сот ғимараты, мектеп (шекаралары: солтүстікте - Мамаев көшесі, батыста - Пионерская көшесі, шығыста -Металлургтер көшесі, оңтүстікте - 2 орам) |
II | + 6 % | Әкімшілік ғимараты, аурухана, Весна және Үшқатын қонақ үйлері (шекаралары: солтүстікте -Сейфуллин көшесі, шығыста – Металлургтер көшесі, оңтүстікте - автостанция) |
III | –8 % | Жеке сектор, мектеп, дүкендер аумағы (шекаралары: солтүстікте - Даулетбаев көшесі, шығыста - Молдағұлова көшесі, оңтүстікте-Шинтуринов көшесі, батыста - құрылыстан босатылған жерлер) |
IV | –31 % | Батыста - Молдағұлова көшесінен Заводской көшесіне дейін жеке сектор аумағы, шығыста -Металлургтер мен Луговая көшелері арасындағы аумақ |
V | – 50 % | Жәйрем кентінің жерлерінің әкімшілік-аумағының шекарасындағы қалған аумағы |