Абай аудандық мәслихатының 6 сессиясының 2012 жылғы 8 маусымдағы № 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 қыркүйектегі 33 сессиясының № 33/347 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қазанда № 2797 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 23/216 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 12.09.2024 № 23/216 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының № 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 шілдедегі № 26 (3927) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 8-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Н. Филипенко

Абай аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Цай

"КЕЛІСІЛДІ":


"Абай ауданының жұмыспен


қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысының


міндетін атқарушы


А. Сейфуллина


"Абай ауданының экономика


және қаржы бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің басшысының


міндетін атқарушы


Ж. Жиенбаева



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады