"Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 04/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 наурызда № 2548 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 11/61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 13.04.2016 № 11/61 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Кобжанов

      

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 31 қаңтардағы
№ 04/01 қаулысымен
бекітілген

"Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 50 А, индекс 100400.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемеге мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі тапсырмалары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы және ветеринария жұмыстары жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) шаруашылықты жүргізудің әр-түрін дамыту, ауыл шаруашылығындағы реформаларды жетілдіру және тереңдету;
      2) экономикалық механизмдерді жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу, нарықтық жағдайдағы жаңа құрылымдардың қызмет етуін жүзеге асыру;
      3) облыс пен ауданның ішкі сұранысын қанағаттандыру үшін ауылшаруашылық өнімдерін өсіруді ынталандыруды арттыру шараларын жүзеге асыру;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру;
      5) жануарлардың аса қауіпті ауруларына алдын алу шараларын ұйымдастыру;
      6) жануарлардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық шараларды жүргізуді ұйымдастыру;
      7) ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық шараларды жүргізуді ұйымдастыру;
      8) аудан аумағында ветеринария төңірегіндегі лицензияландыруға жәрдемдесу;
      9) мемлекеттік қызмет көрсетуді, стратегиялық жоспарды орындауды жүзеге асырады;
      10) мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша аймақта Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің актілерін орындау жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
      11) тұқым шаруашылығы жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн ұйымдастыру;
      12) тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрi – машиналар) мемлекеттік тіркеу;
      13) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі - машиналар) комбайндарды ауыл ауылшаруашылығы құрылымдарында, кәсiпорындарында, ұйымдарында, мекемелерде жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзу, мемлекеттік техникалық инспекцияның конструкциялары жол қозғалысының қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасында қолданылатын қауіпсіздік талаптарына, белгіленген стандарттарға, қағидаларға сәйкес болуы тиіс машиналардың техникалық жай-күйінің сәйкестігін бағалау;
      14) тракторлар мен олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу;
      15) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары және механизмдер, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналары мен механизмдердің (бұдан әрі - машиналар) категориясына емтихан қабылдап, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға тракторист-машинист куәлігін беру;
      16) тракторлар мен олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн жүргізетін тұлғаларды тіркеу, сонымен қатар сенімхат бойынша жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға;
      17) тракторлар мен олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сонымен қатар жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға (бар) жоқтығы туралы анықтама беру.
      15. Функциялары:
      1) аграрлық саясат саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуына бақылау жасау;
      2) өндірісті әлеуетті тиімді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру, ауданның өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етудің бағдарламаларын жасап, нұсқаулар дайындау;
      3) жерді тиімді пайдалануды жақсарту шараларының жасалып, іске асырылуына ықпал жасайды, егістік алқаптардың құрылымдарын жетілдіруге қатысады;
      4) аудан әкімі бекітілген, жылма-жыл көктемгі дала және егін орағын өткізу балансын дайындау;
      5) тұқым шаруашылықтарымен бірге меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық құрылымдарын, ауылшаруашылық дақылдарының элиталық және жоғарғы өнімді тұқыммен қамтамасыз етуге ықпал жасау;
      6) ауыл шаруашылығын өркендету бойынша индикативті жоспар жасауға қатысу;
      7) аудан бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
      8) топырақтың құнарлылығын арттыруға, дәнді-дақылдар шаруашылығын нығайтуға, мал шаруашылығы үшін мықты жемшөп базасын құруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастыру-экономикалық іс-шараларды енгізу, әзірлеу және қамтамасыз ету;
      9) аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;
      10) жануарлардың тұқым және өнім сапасын арттыру бойынша бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін көмек көрсету;
      11) мемлекеттік малды қолдан ұрықтандыру, мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау пункттерінің, мал соятын алаңдардың және мал өлекселерін жағатын пештердің жұмыс істеуіне ықпал жасау;
      12) қаңғырып жүрген иттер мен мысықтарды ұстап және оларды жоюды ұйымдастыру;
      13) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің аграрлық өндірістік кешенімен аудандық аумақтық инспекциясымен бірлесе отырып, адам өмірі мен жануарлардың жұқпалы, сол сияқты жануарлар мен өсімдіктер үшін өте қауіпті ауруларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
      14) аудан аумағында санитарлық-ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық іс-шаралар жоспарын бекіту және дайындау;
      15) жануарлардың аса қауіпті ауруын алдын алу бойынша ветеринарлық дәрі-дәрмектерді жеткізу, сақтауды ұйымдастыру;
      16) бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын диагностикасы және жоюы бойынша жануарлардың энзоотиялық аурулар тізіміне енгізу үшін ұсынысты енгізу;
      17) диагностика және алдын-алу бойынша қызметті, жануарлардың экзотикалық ауруын жою және диагностика, алдын-алу бойынша ветеринарлық дәрі-дәрмектерге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      18) ветеринариялық есеп және есептілікті жинақтау, талдау жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыну;
      19) аудан аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды сәйкестендіру жүргізуді ұйымдастыру және сою пункттері мен сою алаңдары жүйесін құру;
      20) тұрғындар арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
      21) жануарларды өсіруді, жануарларды дайындауды (союды) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді іске асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша комиссия құрамында қатысу және ұйымдастыру;
      22) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу;
      23) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
      24) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру;
      25) мал көмінділерін (биотермиялық шұнқырларды) салуды ұйымдастыру;
      26) ауданның жергілікті үкіметтік органына елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу;
      27) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу жұмыстарын ұйымдастыру;
      28) шаруашылық құрылымдарда өртке қарсы, техника қауіпсіздігінен, еңбекті қорғау бойынша төтенше жағдайдан, табиғат апаттарынан ауылшаруашылық өндірушілеріне сақтандыру қорғауына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      29) бюджеттік емес көздерден инвестицияны тарту мақсатында агроөндірістік комплекстің мемлекеттік және мемлекеттік емес секторын бірлесуі үшін іс-шаралар жоспарын дайындау;
      30) аудан бойынша тұқым балансын құру;
      31) дақылдардың егу сапасына және сорттық нормативтік облысында халықаралық стандарттау және мемлекеттік методика жұмысына басшылық жасау және ұйымдастыру, мемлекеттік және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру;
      32) тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрi – машиналар) тіркеу, кепілге қою келісім шарттарын тіркеу, техникалық байқау жүргізу, емтихан қабылдап олардың жүргізушілеріне тракторист-машинистер куәлігін беру, машиналар жүргізушілердің сенім хатын тіркеу, ауыртпалықтың болмауы (болмауы) туралы ақпарат беру;
      33) ауыл шаруашылық мәдениет тұқым аумағында ауыл шаруашылық құзырет ақпаратын өкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету;
      34) ауыл шаруашылық сұрағы бойынша аудан әкімдігі отырысына ақпараттарды дайындауға қатысу;
      35) мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық мәліметтер қалыптасу базасын жинақтау қалыптасу бойынша жұмысты жүзеге асыру;
      36) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша сәйкесінше органдармен ақпараттық және ұйымдастыру байланысын қамтамасыз ету;
      37) көктемгі-дала жұмыстарының, жемшөп дайындаудың және егін жинаудың оперативті жұмыс жоспарларын құру, агрономия мәселелері бойынша аудан әкімдігінің отырысына материалдар әзірлеуге қатысу;
      38) ауыл шаруашылығы саласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ақпарат әзірлеу;
      39) мемлекеттік селолық аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрастыру және алу;
      2) аграрлық саясат саласында мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар беру, мемлекеттік мекемеге жұмысына жататын ақпараттық-аналитикалық және басқа материалдарды дайындау және Қазақстан Республикасының нормативтік актілерімен қарастырылған өзге де қызметтерді жүзеге асыру;
      3) "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      4) тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілеттік орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру;
      5) тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығының субъектілеріне баруға және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алу;
      6) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеру;
      7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына:
      - субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
      - тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзу;
      8) тұқымдардың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқымдар партиясынан сынақ талдауын жүргізу;
      9) субсидия бөлiнген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      10) өкілетті органмен бекітілген тәртіпте аумақты аймаққа бөлу туралы шешімді енгізуге;
      11) мемлекеттік тіркеу нөмір бере отырып мемлекеттік тіркеу жүргізу;
      12) машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу;
      13) тіркеу кезінде машиналардың техникалық байқау актісін беру;
      14) заңнамада көзделген жағдайларда тіркелген машиналарды тіркеуден шығаруға шек қою;
      15) техникалық ақауы бар машиналарды, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелмеген және мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген машиналарды пайдалануға тыйым салуға;
      16) машиналардың техникалық жай-күйі туралы акт жасау және мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы талон беру;
      17) Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерін беру;
      18) уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
      19) мемлекеттік мекеменің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      20) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерін жүзеге асырады;
      22) егер де нормативтер және ветеринарлық-санитарлық бекітілген ережелер бұзылған жағдайда ветеринария облысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың лицензиясын қайтаруға ықпал жасау немесе тоқтату туралы ұсыныс жасауға;
      23) белгіленген тәртіпте төтенше эпизоотияға қарсы комиссия құру туралы ұсыныс шығаруға;
      24) тиісті жергілікті органына жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын тоқтауға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алу жөнінде ұсынысты аудан әкімдігіне енгізуге;
      25) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдау;
      26) жануарлар мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға;
      27) аумақтарды жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотикалық ахуалды сипаттайтын аймақтарға бөлу тәртібін белгілеу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшылығы жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын аудан әкімдігінің келісімімен аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшының өкілеттігі:
      1) өзінің орынбасарларының құзыреті мен міндеттерін анықтау;
      2) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) бекітілген заңдылық тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза және ынталандыру бойынша шараларды қолданады, еңбек қатынастарының сұрақтарын шешеді;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан сөйлейді;
      6) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты мемлекеттік мекеме атынан шешім қабылдауға сенімхат береді;
      7) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      8) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      9) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді.
      21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасарының құзыретін анықтайды.
      22. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдауға міндетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.
      Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасаудың әр фактісі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін немесе тиісті емес орындағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіпте басшысының дербес жауаптылығы қаралуы тиіс.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады