Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 01.03.2021 № 3/30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 27 сессиясының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2587 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 17 (9611) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігі алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс | |
XXXIV сессиясының төрағасы | Ж. Абюров |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Абдишев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы | Ш. Ибраева |
10 қыркүйек 2014 жыл