Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 26 сессиясының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26/217 "2014 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2551 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 наурыздағы № 19-20 (11246) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы, кіріспедегі және 1, 2-тармақтарындағы "ветеринария" сөзі "агроөнеркәсіптік кешен" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
32 сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат | |
хатшысының міндетін атқарушы: | С. Райымбеков |
"Келiсiлдi" | |
"Қарқаралы ауданының | |
экономика және қаржы бөлiмi" | |
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы | |
_____________________ Б. Берниязов | |
"18" қыркүйек 2014 жыл