Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларының 7-тармағының екінші бөлігі алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Э. Таттыбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Шайжанов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Нұра ауданының | |
жұмыспен қамту әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Г. Жүпенова |
16 қыркүйек 2014 жыл