Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі 30 сессиясының № 325 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қазанда № 2789 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 82 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларының 7-тармағының екінші бөлігі алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы

Э. Таттыбаев

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Б. Шайжанов

КЕЛІСІЛДІ:


"Нұра ауданының


жұмыспен қамту әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің басшысы

Г. Жүпенова


      16 қыркүйек 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады