Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 25/10 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 желтоқсанда № 2835 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 08/03 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 17.03.2016 № 08/03 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Рабиға Қосанқызы Құтжановаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Нұра ауданы әкімінің
міндеттерін атқарушысы

Х. Беков


      "КЕЛІСІЛДІ"

Нұра аудандық мәслихаты
хатшысының міндеттерін атқарушысы
Қ. Жүнісбеков ___________
2014 жыл 30 қазан



Нұра ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "30" қазандағы
№ 25/10 қаулысына қосымша

Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

      1. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) басшы;

      2) басшының орынбасары;

      3) әдістеме кабинетінің меңгерушісі;

      4) әдіскер;

      5) психолог;

      6) барлық мамандардың оқытушылары;

      7) медициналық бике;

      8) аға жетекші;

      9) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынының басшысы;

      10) тәрбиеші;

      11) музыкалық қызметкер;

      12) көркем студия үйірмесінің басшысы;

      13) бухгалтер;

      14) іс-жүргізуші;

      15) экономист;

      16) зертханашы;

      17) механик;

      18) хатшы-машинист;

      19) оқу бөлімінің хатшысы;

      20) тәрбиешінің көмекшісі;

      21) инженер;

      22) заң кеңесшісі;

      23) қойма меңгерушісі;

      24) шаруашылық меңгерушісі;

      25) аудармашы;

      26) кітапханашы;

      27) әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман.

      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) мәдениет қазыналық кәсіпорынының басшысы;

      2) мәдениет қазыналық кәсіпорыны басшының орынбасары;

      3) мәдениет қазыналық кәсіпорынының көркем басшысы;

      4) сектор меңгерушісі;

      5) кітапханашы;

      6) әдіскер;

      7) бас библиограф;

      8) экскурсовод;

      9) өлкетану бөлімінің редакторы;

      10) дыбыс режиссеры;

      11) хореограф;

      12) музыкалық басшы;

      13) концертмейстер;

      14) нұсқаушы;

      15) клуб меңгерушісі;

      16) бухгалтер;

      17) экономист;

      18) инспектор;

      19) хатшы;

      20) компютерліқ техниканың операторы;

      21) қызмет көрсету технигі;

      22) шаруашылық меңгеруші;

      23) суретші-безендіруші;

      24) мәдени ұйымдастырушы;

      25) балетмейстер;

      26) хормейстер.

      3. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) бөлім меңгерушісі;

      2) консультант;

      3) әлеуметтік қызметкерлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады