Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы", 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Жарлықтарына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Уткельбаев Ерлан Сериковичке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Х. Омаров |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 14/03 қаулысымен бекітілген |
"Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қоры аясында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101500, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 22 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Улытауского района".
10. Осы Ереже "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау функцияларын орындау болып табылады.14. Міндеттері:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілілігін айқындау;
3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.
15. Функциялары:
1) кондоминиум объектісінде және үйлер аралығындағы аумақтарда үй-жайлар (пәтерлер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау;
2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйлерге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына мемлекеттік бақылау;
3) кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оның күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытылы орындалуына мемлекеттік бақылау;
4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға мемлекеттік бақылау;
5) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға мемлекеттік бақылау;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау.
Мемлекеттік мекеме тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үйлер іргесіндегі аумақтарды күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үйлер іргесіндегі аумақтарды пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан өзге де ұйымдардан өз құзырына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды басқа да мәселелер бойынша материалдарды белгіленген тәртіппен сұрауға және алуға;
2) лауазымды тұлға тексеруді жүргізу уақытында қызметтік куәлікті көрсетіп тексерілетін объектіге барады;
3) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеруге қатысты құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;
4) заңмен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооперативтік басқармасының төрағасы лауазымына кандидатура ұсынуға;
5) тексеруді қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізуге;
6) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
7) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстау тәртібінің бұзушылықтары туралы актілер жасауға;
9) мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелері бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;
10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға;
11) қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға;
12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бақылау және тексеру жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуге;
13) тұрғын үй қорын және үйлер іргесіндегі аумақтарды күтіп-ұстау және пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуді бақылау жөніндегі іс-шараларды өткізу нәтижесінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жіберген тұлғаларды қолданысты заңнамаға сәйкес жауапқа тартуға;
14) басқа да міндеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға.
3. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.18. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) сенімхатсыз "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет ете алады;
2) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхат береді;
5) іс-сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердің қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында және басқа да біліктілігін арттыру түрлері бойынша "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жоспарлары мен тәртібін бекітеді;
6) банкте есеп шоттар ашады;
7) барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
8) "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жаза беру шараларын қолданады;
10) "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды.
"Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
4. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
20. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұлытау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.