Облыстық мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 07 тамыздағы N 677 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 тамызда N 4752 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.02.2016 № 338 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына, "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізім бойынша облыстық мемлекеттік кәсіпорындары мүліктік кешен ретінде жекешелендірілсін.
      2. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы "7" тамыздағы
№ 677 қаулысына қосымша

Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілетін облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың тізімі


п/п
Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың атауы
Өткізу мерзімі
Жекешелендіру түрі
1.
"Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қараша 2014 жыл
коммерциялық тендер
2.
"Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қараша 2016 жыл
тікелей атаулы сату
3.
"Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Нұрсәт" теннис орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қазан 2016 жыл
коммерциялық тендер
4.
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қыркүйек 2015 жыл
коммерциялық тендер
5.
"Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру - дене шынықтыру клубы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
қыркүйек 2016 жыл
тікелей атаулы сату

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады