"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген "Қызылорда облысының аумағында құрылыс салу Қағидасы" бекітілісін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы "24" қазандағы № 226 шешімімен бекітілген |
Қызылорда облысының аумағында құрылыс салу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Қызылорда облысының аумағында құрылыс салу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің және қолданыстағы заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың негізінде, сондай-ақ "Құрылыс салудың аумақтық ережелерiн әзірлеудің қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығына сәйкес әзірленді және аталған Қағида Қызылорда облысының аумағында құрылыс салу кезінде бірыңғай сәулет және құрылыс саясатын жүргізуді көздейді.2. Осы Қағида сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерімен жер учаскелерін пайдалану, елді мекендер аумағы мен қала маңындағы аймақтарда жобалау мен құрылыс салу жағдайларын және талаптарын айқындайды, жылжымайтын мүліктің жаңа объектілерін орналастыруға және салуға немесе қолда барын өзгертуге (қайта бейіндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, қайта жаңартуға, кеңейтуге, күрделі жөндеуге) рұқсат беру рәсімдерін өткізу тәртібін белгілейді.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:абаттандыру – белгілі бір аймақты құрылыс жүргізуге және оны дұрыс пайдалануға жарамды ету үшін, халықтың мәдени-тұрмысына, денсаулығына ыңғайлы жағдай жасау үшін істелетін жұмыстар (аймақты инженерлік тұрғыдан дайындау, жол салу, энергиямен, канализациямен, сумен қамтамасыз ететін имараттар мен коммуникация жүйесін дамыту және тағы басқалар) мен шаралар (аймақты тазарту, кептіру, көгалдандыру, микроклиматын жақсарту, топырағын, ауасын, су қоймаларын былғанудан сақтау, санитарлық тазарту, шуды бәсеңдету және тағы басқалар) жиынтығы;
авторлық қадағалау – бұл автордың сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзiрленуiне, сондай-ақ сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау жүргiзудi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтылығы;
егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы – қаланың жекелеген бөліктері үшін оның бас жоспары негізінде құрылыстың сәулеттік-кеңістіктік және инженерлік-экономикалық шешімдерін анықтау мақсатында әзірленетін жоба;
елдi мекеннiң бас жоспары - аймақтарға бөлудi, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлiк және инженерлiк коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерiн белгiлейтiн, қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы;
жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
жеке тұрғын үй құрылысы - белгiленген тәртiппен бекітілiп берiлген жер учаскелерiнде азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдiспен жеке тұрғын үйлер салуы;
жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
жоба - жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есептеулер) нысанында ұсынған, адамның мекендеуі мен тіршілік етуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;
жобалардың мемлекеттік сараптамасы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асыратын құрылыс жобаларын (жобалау алдындағы немесе жобалау-смета құжаттамасын) міндетті түрде кешенді бағалау;
жолға бөлiнген белдеу – автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi;
жұмыс комиссиясы - нәтижелерін мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін объектінің дайындығына кешенді бағалау жүргізетін уақытша алқалы орган;
инженерлiк инфрақұрылым - адамдардың тiршiлiк етуi, сондай-ақ өндiрiстiң немесе тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет айналымының тұрақты жұмыс істеуі үшiн қалыпты жағдай туғызатын кәсiпорындардың (ұйымдардың), объектiлердiң (ғимараттар мен құрылыстардың), инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету коммуникацияларының және желiлерiнiң жиынтығы;
көлiк инфрақұрылымы - көпiр, тоннель және өзге де көлiк құрылыстарының, жол тарамдары мен жол өткiзгiштерiнiң, реттеушi белгi беру құрылғыларының, байланыстың, көлiк жұмысының инженерлiк қамтамасыз ету, жүктердi, жолаушыларды тасымалдайтын көлiк құралдарына қызмет көрсету, өндiрiстiк және қызмет көрсетушi адамдардың функционалдық қызметiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныш және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетiлген бағыттағы жолдарға және жылжымайтын мүлiк объектiлерiн қамтитын объектiлерге заңдарда бекiтiлген жерлердiң кешенi бар жерүстi (автомобиль және (немесе) темiр) жолдарының, су (теңiз және (немесе) өзен) жолдарының жиынтығы;
қабылдау комиссиясы - құрылысы аяқталған объектінің дайындығын белгілейтін және құжаттамалық растайтын және салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган;
қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатын өзгертуге, тіршілікті қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бір өнімдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;
қайта жаңарту - әдетте, өзгеретін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе тұтастай ғимаратты өзгерту;
қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;
қала құрылысының регламенттері - аумақтарды (жер учаскелерін) және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланудың, сондай-ақ олардың жай-күйінің заңнамада белгіленген тәртіппен жол берілетін кез келген өзгерістерінің режимдері, рұқсаттары, шектеулері (ауыртпалық салуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда);
қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
құрылыс алаңы – құрылысты жүргізуге, сондай-ақ ғимараттар мен имараттарды тұрғызу процесінде пайдаланылатын машиналарды, материалдарды, құралымдарды, өндірістік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен қатынастарды орналастыруға белгіленген тәртіпте бөлінетін аумақ;
құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) - құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының негiзгi бөлігi ретiнде объектiнiң орналасқан жерiнiң қала құрылысы тұрғысынан негiзделуi, құрылыс жүргiзу және объектiнi пайдалануға беру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдейтін және өзге де шешiмдер;
құрылыс қызметі - жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;
құрылыс-монтаж жұмыстары - құрылыс қызметi, ол жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды; қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға, уақытша инженерлік желілер, жолдар, қойма алаңдарын жайластыруға, сондай-ақ аумақты сатылап жоспарлауға байланысты дайындық жұмыстарын; үйлер мен ғимараттардың (оның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбырлары, құбыр өткiзгiштер, өзге де жасанды құрылыстар) тiреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды; желiлiк құрылыстарды төсеу жөнiндегi арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын; сыртқы инженерлiк желiлер мен құрылыстар, сондай-ақ iшкi инженерлiк жүйелер орнатуды; конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөнiндегi жұмыстарды; автомобиль және темiр жол құрылысын; технологиялық жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), iске қосу-жөндеу жөнiндегi жұмыстар;
құрылыс нормалары мен ережелері – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өкілетті орган қабылдаған және пайдаланушылар орындауға міндетті талаптардан тұратын мемлекеттік норматив;
құрылыс салуды реттейтiн сызық (құрылыс салу сызығы) - қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскесi шекарасынан шегiндiре отырып, үйлердi (ғимараттарды, құрылғыларды) орналастыру кезiнде белгiленетiн құрылыс салу шекарасы;
қызыл сызықтар - елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы кварталдардың, шағын аудандардың, өзге элементтердің аумағын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекара;
мемлекеттік қала құрылысы кадастры - қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі аумағын оның пайдаланылу режимінің әлеуметтік-құқықтық белгілері, инженерлік-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, онда орналасқан объектілердің параметрлері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлары мен экологиялық жай-күйі бойынша сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сан және сапа көрсеткіштерінің мемлекеттік жүйесі;
мердігер – құрылыс және жинақтау жұмыстарын мердігерлік шарт бойынша орындайтын жеке немесе заңды тұлға;
нобай (нобайлық жоба) - жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, әшекейлік немесе басқа) шешімнің оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін түрі;
объектiлер мониторингi - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерiнiң жай-күйi мен өзгерiстерiн байқау жүйесi;
орындаушы құжаттар – орындалған жұмыстардың сызбаларға немесе оларға енгізілген өзгерістерге сәйкестігін растайтын жұмысты жүргізуге жауапты адамдардың жазбалары бар жұмыс сызбаларының жиынтығы, сертификаттар, техникалық паспорттар және материалдардың сапасын растайтын тағы басқа да құжаттар, жабық жұмыстарды қуәландыру туралы актілер, жұмыс журналдары, аралық және қорытынды қабылдау, жүйелерді сынау актілері;
өз бетімен салынған құрылыс – мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс;
санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсiп орындары мен елдi мекендегi басқа да өндiрiстiк, коммуналдық және қоймалық объектiлердi жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуiн әлсiрету мақсатында бөлiп тұратын аумақ;
сараптамалық жұмыстар - ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жөніндегі жұмыстар;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері - Қазақстан Республикасының аумағында адамның мекендейтін және тіршілік ететін ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар мен жеке және заңды тұлғалар;
сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектiнiң мақсатына, негiзгi өлшемдерiне және оны нақты жер учаскесiне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешенi, сондай-ақ осы елдi мекен үшiн қала құрылысының регламенттерiне сәйкес белгiленетiн, жобалау мен құрылысқа қойылатын мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл ретте, түсi жөнiндегi шешiм мен үйлердiң (ғимараттардың) қасбеттерiн әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiк-кеңiстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiлмейдi;
сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтар (аудандар) - сейсмикалық әсерінің жиілігі жеті және одан да көп балл болуы мүмкін (күтілетін) аудандар;
су қорғау белдеуі - шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін, су объектісіне іргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі ені кемінде отыз бес метр аумақ;
тапсырыс беруші (құрылыс жүргізуші) - мердігерлік ұйыммен (мердігермен) жобалау-іздестіру және құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуге шарт жасасу арқылы ғимараттың және имараттың күрделі құрылысына қаржы бөлетін жеке немесе заңды тұлға (жеке тұлға, ұйым, кәсіпорын, мекеме);
техникалық қадағалау - орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;
толық дайындық – ішкі әрлеу (қаптау, сылау, түсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталып, таза едендер төселген, санитарлық-техникалық жабдықтар мен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электрлік техникалық аспаптар, ас үйдің газ немесе электр плиталары және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған объектілер;
экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу және оларға тыйым салу.
3. Құрылыс мақсатында қала құрылысы құжаттамасын іске асыру
3.1. Жер учаскелерін пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары
4. Меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшін (коммуникацияларды жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануды заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлуді, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс салу мен оны пайдалану ережелерiн сақтай отырып қана жүзеге асыра алады.5. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде - жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға;
санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндiрiс технологияларын қолдануға, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесiнде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 140-бабында көзделген жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;
жер салығын, жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын және Қазақстан Республикасының заңдары мен шартта көзделген басқа да төлемдердi уақтылы төлеуге;
жануарлар дүниесiн, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтауға, жер учаскесiнде орналасқан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени мұра объектілері мен басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге;
жер учаскесiнде шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтауға;
мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi уақтылы табыс етiп отыруға;
басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермеуге;
Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртiппен сервитуттар берудi қамтамасыз етуге;
өздерiнiң меншiгi болып табылмайтын анықталған өндiрiс пен тұтыну қалдықтары туралы жергiлiктi атқарушы органдарға хабарлауға;
орталық уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын, топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
3.2. Жер учаскелеріне құқық беру
6. Мемлекеттік меншiктегi жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай ретпен жүргiзiледi:жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
жер учаскесіне уақытша сәйкестендіру нөмірін беру арқылы жер учаскесiн алдын ала таңдау (жер учаскесі объектілер салу үшін сұралған кезде);
тиісті жергілікті атқарушы органдары құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындау;
жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекіту;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;
жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын дайындау және беру.
елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы бұйрықпен елді мекеннің құрамдас бөлігіне ресми атау берілгенге дейін уақытша жобалық нөмір береді;
7. Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады. Жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім комиссияның теріс қорытындысы негізінде қабылданады.
Комиссияны сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы органдар құрады. Комиссия құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, жер ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органдардың тиiстi аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi де мiндеттi түрде енгiзiледi. Жергiлiктi атқарушы органның қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн.
Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмi ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары құратын комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады. Жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның терiс қорытындысы негiзiнде қабылданады.
Комиссия қорытындысы сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алу (жер учаскесі объектілер салу үшін сұралған кезде) мүмкіндігі туралы ұсыныстың комиссияға түскен кезінен бастап бес жұмыс күні ішінде екі данада хаттамалық шешім нысанында жасалады.
Комиссияның оң қорытындысының бір данасы жерге орналастыру жобасын дайындау үшін бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
8. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының өздерiне берiлуiне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiш бередi.
Өтiнiште:
жер учаскесiн пайдалану мақсаты;
оның болжамды көлемi;
орналасқан жерi;
сұралып отырған пайдалану құқығы;
басқа жер учаскесiнiң (жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.
Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.
Сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесiп) айқындау үшiн жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш жер учаскесi орналасқан жердегi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкiлеттi органдарына үш жұмыс күнi iшiнде түседi.
Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды.
Көрсетiлген мерзiмге:
дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау;
белгiленген келiсу;
жергiлiктi жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу кезеңдерi кiрмейдi.
9. Жер учаскесi орналасқан жердегi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкiлеттi органдары (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.
Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.
10. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына сәйкес жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық беруден бас тарту облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен ресiмделедi және оның дәлелдi себептерi көрсетiлуге тиiс, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның тиiстi қорытындысы келiп түскен кезден бастап жетi күнге дейiнгi мерзiмде қабылданады.
11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскелерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы шешiмiнiң көшiрмесi шешiм қабылданған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тапсырылады (жiберiледi).
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен кезден бастап жетi жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмде қабылданады.
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде, сол шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады.
Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады.
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алты жұмыс күні ішінде жер кадастрының жүргізілуін қамтамасыз ететін республикалық мемлекеттік кәсіпорындармен жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысына бөлiп берiлетiн алаңда жер учаскелерiн жайластырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда әрбiр жер учаскесi үшiн жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.
12. Мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерi және сол жер учаскелерiн жалдау құқығы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабында белгiленген ережелер ескерiле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектiлерi болуы мүмкiн.
13. Жер кадастрының жүргізілуін қамтамасыз ететін республикалық мемлекеттік кәсіпорындар беретiн мынадай құжаттар жер учаскесiне арналған сәйкестендiру құжаттары болып табылады:
жер учаскесi жеке меншiкте болған кезде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;
тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;
уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде - уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;
уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi.
Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі.
Жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді енгізу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынылатын материалдар негізінде жүргізеді.
14. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi.
Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.
Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.
15. Қазақстан Республикасының Жер кодексі қолданысқа енгiзiлгенге дейiн азаматтар мен заңды тұлғаларға бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жер учаскелерiне құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес мұндай құжаттарды жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға ауыстыру құқық иеленушілердiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.
16. Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлiк тәртiбiмен алған кәмелетке толмағандарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға берiледi. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы.
17. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқық беру тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі айқындайды.
18. Объект салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде жер учаскесiн таңдау алдын ала жүргiзiледi. Объект салу үшiн, ал қажет болған жағдайларда және оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгiлеу үшiн жер учаскесiн таңдау нәтижелерiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi жер учаскесiн таңдау туралы актiмен ресiмдейдi.
Осы актiге әрбiр жер учаскесiн таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес оның шекараларының жобалары қоса берiледi. Объект салуға жер учаскесiн таңдау актiсiн беру үшiн қажеттi келiсулердi тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi жүргiзедi. Бұл ретте елдi мекеннiң бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың осы жоспарларын алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс жобалары, сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады.
19. Жер учаскесiн таңдау және жер учаскесiн таңдау туралы актiнi ресiмдеу кейiннен жер учаскесiн таңдау туралы актiнi қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жiбере отырып, он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
20. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi. Жерге орналастыру жобасының құрамында берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берiлетiн жер учаскесiнiң ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады. Болжанып отырған, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қою, мәжбүрлеп иелiктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының есептеулерi қоса берiледi.
21. Жерге орналастыру жобасының негiзiнде жер учаскелерi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкiлеттi органы жерге тиiстi құқық табыстау туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын дайындайды.
22. Магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскесiн сұраған кезде жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органымен де келісіледi.
23. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тұрғын үйлер, оның ішінде жеке тұрғын үйлер салуға осы елді мекеннің бекітілген бас жоспарына (немесе шағын ауылдық елді мекендердің бас жоспарын алмастыратын өзге де жобалау құжаттамасына) сәйкес көрсетілген жерлерді елді мекендер жерінің санатына ауыстырғаннан кейін ғана және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы немесе осы учаскелерде құрылыс салу жобасы болғанда ғана жол беріледі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасының орнын толтыру Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 105-бабына сәйкес жүргізіледі.
24. Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi (соның iшiнде жердi бөлiп беру кезiнде өнеркәсiп орындарының санитариялық-қорғау аймағына кiретiн) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда өтiніш беруші немесе оның сенім бiлдiрген адамы жер учаскесiн бөлiп беруде талап етiлетiн келiсiмдердi өз бетінше қамтамасыз етедi.
Өтiнiш берушi меншiк иесiне шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлiк меншiгi иелерiнiң әрқайсысымен жасасқан шартты қосымша ұсынады. Шартта сол кездегi бар құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды, жасыл екпелердi басқа жерге ауыстырудың, көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi, құрылыс жүргiзушiнiң жылжымайтын мүлiктi бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерi көрсетiледi.
25. Жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi шешiмiнiң жобасында:
жерге құқық табысталатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты;
жер учаскесiнiң көлемi;
жерге құқықтар түрi, ауыртпалықтар, сервитуттар;
учаске төлемақыға берiлетiн жағдайда жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы, жер учаскесiн сатып алу-сату шарттарын жасасудың мерзiмi мен шарттары;
учаскелердің өлшемдері көрсетіле отырып, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;
өзге де шарттар болуға тиiс.
26. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде азаматтардың өтiнiштерi (өтiнiмхаттары) арнайы есепке алынады және бөлiп берiлетiн алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшiн пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн тегiн негiзде беру кезiнде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшiн мемлекет құқық табыстаған жер учаскесiнiң бар немесе жоқ екендiгi ескерiледi. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкiлеттi органы азаматта мұндай жер учаскелерiнiң бар немесе жоқ екендiгi туралы мәлiметтi жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiн беру туралы қорытынды әзiрлеуi және тиiстi шешiм қабылдауы үшiн жергiлiктi атқарушы органның жанындағы комиссияға табыс етедi.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi бөлiп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы ақпарат пен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн алуға кезектiлiк тiзiмiнiң қолжетiмдiлiгiн оларды кемiнде тоқсанына бiр рет мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етедi.
3.3. Жобаларды әзірлеуге арналған бастапқы рұқсат беру құжаттарының негізгі тізбесі
27. Жобаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдар (деректер) мыналарды қамтиды:шекарасының шегіндегі аумақты пайдалану және жоспарланған объектіні белгілеу жөніндегі регламенттерді коса алғанда, жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі;
қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
жобалауға және құрылысқа қажетті (жер учаскесінің және коммуникация төселген трассаның шекарасында) құрылыс алаңын инженерлік іздестіру материалдары;
инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар;
аумақты инженерлік жағынан дайындау шарттарын, абаттандыру мен көгалдандыруды қоса алғанда, жергілікті (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
жобалауға (жобалау құжаттамасын әзірлеуге) арналған бекітілген тапсырма.
Көрсетілген бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру тегін жүргізіледі. Жобалауға арналған тапсырманы жасау, келісу және бекіту, сондай-ақ жобаларды (жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеу тәртібі және олардың құрамы мемлекеттік құрылыс нормаларымен және ережелерімен белгіленеді.
3.4. Жобалауға арналған тапсырманы жасау және бекіту
28. Aудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жерге тиісті құқық беру туралы шешiмi, сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты тапсырысшының белгiленген объектiнi жобалауға тапсырмасын жасау үшiн негiз болып табылады.Тапсырысшы не оның уәкiлеттi адамы (құрылыс салушы) жобалауға тапсырманы жасайды және тапсырысшы бекiтедi.
Жобалауға тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеу жөнiндегi тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
Жобалауға тапсырма объектiнiң талап етiлетiн параметрлерiн, өзге де бастапқы деректердi қамтуға тиiс.
3.5. Жобалау алдындағы рәсімдер және бастапқы материалдарды (деректерді) беруге арналған өтініштерді қарау мерзімдері
29. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі береді.30. Егер инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алу қажет болса, олар сәулет-жоспарлау тапсырмасына міндетті қосымша болып табылады.
31. Тапсырыс беруші сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға өтінішті сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесіне береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
жергілікті атқарушы органның жерге тиісті құқық беру немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;
жобалауға арналған бекітілген тапсырма.
32. Осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, объектілерді жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру жөніндегі өтініштерді қарау мерзімі өтініш берілген сәттен бастап сегіз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) шектерінде жүзеге асырылатын қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру туралы өтінішті қарау немесе оларды беруден уәжді бас тарту мерзімдері өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
33. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттарды ресімдеу және беру мерзімдері мынадай объектілер бойынша өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды:
электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және тағы басқалар);
жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары.
3.6. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы.
Жасау және беру тәртібі
34. Қызылорда қалалық, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға арналған өтінішті алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге құжаттармен қоса техникалық шарттарды алуға сұрау жібереді.35. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілер сұрауды алған сәтінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қызылорда қалалық, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне қосу параметрлері мен орнын көрсете отырып, техникалық шарттарды немесе беруден негізделген бас тартуды жібереді.
Өтініш беруші техникалық шарттарды беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағымдана алады.
36. Сәулет-жобалау тапсырмасы және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
37. Берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгіленген тәртіппен жобаны әзірлеуге рұқсат берілгендігін білдіреді.
38. Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үйғарылған болса және сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, он да сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.
39. Егер қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) тірек және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуді қозғайтын, сондай-ақ қосымша жер учаскесін (аумақты, трассаны) бөліп беруді талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына хабарлау қажеттілігі көрсетіледі.
40. Объект салуға немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жер учаскесін беру (бөліп беру) талап етілмеген жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшін инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу немесе жүктемені арттыру қажет болмаса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасына тиісті жазба жазылады.
41. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасына сараптама жүргізу қажеттілігі не қажет болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетіледі.
42. Сәулет-жоспарлау тапсырмасына реңдік шешімдер және ғимараттардың (құрылыстардың) қасбетін әрлеу материалдары пайдалану, сондай-ақ олардың көлемдік-кеңістіктік шешімдері бойынша талаптар белгілеуге жол берілмейді.
43. Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі жұмыстардың процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
4. Құрылыс салуды жүзеге асырған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің міндеттері, жауапкершілігі және олардың құқықтарын қорғау
4.1. Құрылыс процесін мемлекеттік реттеу
44. Құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға байланысты мемлекеттiк сатып алуға жатпайтын (құрылысқа арналған жобалау, iздену, сараптау, зерттеу жұмыстарын, тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiрудi қоса алғанда) қатынастардың негiзгi қатысушылары жобаның (бағдарламаның) тапсырысшы-инвесторы не оның уәкiлдiк берген адамы мен мердiгер (бас мердiгер) болып табылады.45. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, отандық және шетелдiк заңды тұлғалар құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстардың тапсырысшылары бола алады.
46. Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (бiрлескен кәсiпорындарды қоса алғанда) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарды орындайтын мердiгерлер бола алады.
47. Объект салуды жүзеге асыруға ниетi бар тапсырысшы жер заңдарына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті. Бұл ережеге тапсырысшыға меншік құқығымен тиесілі жеке үй жанындағы, саяжай, бау-бақша учаскелерiне уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсы және абаттандыру элементтерiн, сондай-ақ тапсырысшы жер пайдалану құқығымен пайдаланатын учаскелерде (аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар салу қосылмайды.
48. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; қосалқы орман пайдалану үшін орман ресурстары өзіне ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде, сондай-ақ туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттік табиғи резерваттардың ұзақ мерзімді пайдалануға берілген учаскелерінде объектілер салуды жүзеге асыру ниеті бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының орман заңнамасына және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жер учаскесін құрылыс салу үшін пайдалануға рұқсат алады.
49. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жерге тиісті құқық беру туралы шешімінің шешiм қабылданған күннен бастап құрылыс басталғанға дейiнгi қолданылу мерзiмi жобалаудың және белгiленген тәртiппен жобаны бекiтудің нормативтiк ұзақтығы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгiленедi және рұқсат құжатында көрсетiледi.
4.2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшiн субъектілердің жауапкершiлiгi
50. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.Аталған бұзушылықтарға мыналар жатады:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiн лицензиясыз жүзеге асыру;
аумақтардың, қала құрылысы регламенттерiнiң бекiтiлген жұмыс iстеу мақсатынан, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгiленген режимнен ауытқу;
қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерiн таңдау мен берудiң (пайдалануға рұқсат етудiң), сондай-ақ мемлекет мұқтажын қамтамасыз етуге байланысты алып қоюдың заңдарда белгiленген тәртiбiнен ауытқу;
қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеудiң, келiсудiң, сараптамадан өткiзудiң және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, нақ сол сияқты заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға хабарлама жасамай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу;
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мiндеттiлiгi көзделген жағдайда, құрылысты сәулет-құрылыс бақылауын мен қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргiзбей жүзеге асыру;
өз бетiнше құрылыс салу, нақ сол сияқты үйлердiң, жекелеген үй-жайлардың және (немесе) үй бөліктерiнiң сәулеттiк келбетiн өзгерту, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейiмдеу);
елдi мекендердi жоспарлау мен салу кезiнде сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары аймақтарда белгiленген сызықтар мен құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ сары сызықтардан ауытқу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ объектiнi салу және кейiннен пайдалану процесiнде еңбек қорғау, өрт және жарылыс қауiпсiздiгi, санитариялық және экологиялық қауiпсiздiк, мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормативтердi сақтамау;
құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдау мен пайдалануға берудiң, сондай-ақ пайдалану процесiнде оларды күтiп-ұстаудың заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзу;
лауазымды адамдардың елдi мекендердi (елдi мекеннiң бөлiктерiн) жоспарлауға және салуға (реконструкциялауға) байланысты шешiмдердiң әзiрленуi мен қабылдануы, жобаланып отырған объектiлер туралы, сондай-ақ мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi мен оған қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, көзделiп отырған өзгерiстер туралы ақпарат беруден негiзсiз бас тартуы не жалған ақпарат беруi;
мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйiнiң нашарлауына, азаматтар, соның iшiнде мүгедектер мен тұтас алғанда қоғамның құқықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге зиян келтiруге себеп болатын өзге де әрекеттер.
51. Жiберiлген жолсыздықты және оның зардаптарын жою, сондай-ақ келтiрiлген залалдың (зиянның) орнын толтыру жөніндегi мiндеттер аталған жолсыздыққа жол берген субъектiге жүктеледi.
52. Сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жол берген бұзушылықтары салдарынан салынған объектiнi пайдаланудың кепiлдi мерзiмiн сақтамау фактiлерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 69-бабына сәйкес белгiленедi.
4.3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтарын қорғау
53. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру халықтың, аумақтар мен елдi мекендердiң қауiптi (зиянды) табиғи және техногендiк, антропогендiк құбылыстар мен процестердiң әсер етуiнен қауiпсiздiгi жөнінде заңдарда белгiленген талаптарды қамтамасыз ету ережелерiне негiзделуге тиiс.Осы талаптарды орындау жөніндегi шаралар мемлекеттiк нормативтермен реттелетiн жобалау құжаттамасында көрiнiс табуға тиiс.
54. Мемлекеттiк нормативтер (мемлекеттiк нормативтiк құжаттар) қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамаларына халықты, елдi мекендердi және қонысаралық аумақтарды табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болатын қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғау жөніндегi шаралар туралы бөлiмдердi қамту мiндеттiлiгiн көздеуге тиiс.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, сондай-ақ техногендiк сипаттағы болжамды төтенше жағдайлар салдарынан болатын қауiптi (зиянды) әсерлерге ұшырайтын елдi мекендер мен аумақтар халықты және аумақтарды аталған әсерлерден қорғау жөніндегi кешендi жобалық құжаттамалармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
4.4. Азаматтардың шағымдарын (шешімдерге шағымдану) қабылдау мен қарауды, дауларды шешу тәртібі
55. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.56. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.
57. Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.
58. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы күнтiзбелiк үш күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.
59. Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.
60. Өтініш берген жеке не заңды тұлғаның:
өз өтінішін растау үшін қосымша құжаттар мен материалдар беруге не оларды талап ету туралы сұрауға;
өтінішті қарайтын адамға дәлелдерін түсіндіруге;
өзінің өтінішін қарауға байланысты материалдармен танысуға, егер бұл басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын бұзбайтын болса, өтінішті қарауға қатысуға;
қабылданған шешім туралы жазбаша немесе ауызша нысанда дәлелді жауап алуға;
егер залал өтініштерді қараудың белгіленген тәртібін бұзудың салдарынан болса, оны өтеуді талап етуге;
лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) не өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасауға;
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
5. Аумақта құрылыс салуды реттеу тәртібі
5.1. Тұрғын аумақтарда құрылыс салу тәртібі
61. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде аумақтар мен елдi мекендердi дамыту және жайғастыру (құрылыс салу) қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:игерiлетiн аумақтардың ауқымдары;
осы аумақ үшiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң жекелеген түрлерiне тыйым салу, рұқсат беру мен шектеулер;
жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижесiнде аумаққа түсетiн ауыртпалықтар;
жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижесiнде аумақты немесе жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту мен өзгерту режимдерi;
елдi мекеннiң немесе оның бөлiгiнiң жоспарлы құрылымы мен сәулет келбетiн қалыптастыру;
елдi мекеннiң немесе оның бөлiгiнiң әлеуметтiк, рекреациялық, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарын қалыптастыру (жетiлдiру) арқылы көрiнiс табуға тиiс.
5.2. Қала маңындағы аумақтарда құрылыс салу тәртібі
62. Қала маңындағы аймақтар жерiнiң құрамына қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумақ құрайтын қала шегiнен тыс жер қосылуы мүмкін.63. Қала маңындағы аймақтарда қала маңындағы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қарқынды дамыту, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарын (қаланы дамытуға, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi ғимараттарды орналастыру мен салуға арналған резервтегi аумақтарды), қорғау әрi санитарлық-гигиеналық қызмет атқаратын және халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар, opмaн парктерi және басқа да жасыл екпелер алып жатқан жасыл аймақтарды белгiлей отырып, аумақты аймақтарға бөлу жүзеге асырылады.
64. Аудандық маңызы бар қалалардың қала маңындағы аймақтарының шекарасын облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті өкілді органы белгілейді және өзгертеді.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың қала маңындағы аймақтарының шекарасын Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстардың тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен ұсынысы бойынша белгілейді және өзгертеді. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қала маңындағы аймақтарының шекарасы аумағы қала маңындағы аймағына енгізілген облыстардың тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен де келісіледі.
65. Жердi қала маңы аймағына қосу бұл жерге меншiк құқығы мен оны пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соқпайды.
66. Қала маңы аймағына енгiзiлген жердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн қала маңы аймағын белгiлеген орган айқындайды.
5.3. Құрылыс салуды реттеу аймақтарының аумақтарында және табиғи кешенде құрылыс объектілерін орналастыру және абаттандыру тәртібі
67. Елдi мекеннiң тұрғын аймағы үй жанында жайғастырылған аумақтары бар көп пәтерлi тұрғын үй-жайлар (үйлер) және үй жанындағы учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналады.68. Тұрғын аймақ жеке тұрған және (немесе) тұрғын үйлерге жапсарластыра салынған (оларға жанастыра салынған) медициналық қызмет көрсететiн, әлеуметтiк-тұрмыстық және мәдени-ағарту мақсаттарына арналған объектiлермен, инженерлiк және көлік инфрақұрылымы объектілерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.
69. Тұрғын аймақта қонақ үйлердi, жер бетiндегi және жер астындағы көлікжайларды, автомобиль көлiгiнiң ашық тұрақтарын, сондай-ақ орналастырылуы мен қызметi санитариялық-қорғаныш аймақтарын жасауды талап ететiн, қоршаған ортаға әсер етпейтiн өндірiстiк объектiлердi орналастыруға жол берiледi.
70. Жекелеген жағдайларда тұрғын аймақтарға елдi мекеннiң шекаралары (шектері) шегінде орналасқан бағбандық және саяжай серiктестiктерi де жатқызылуы мүмкiн.
71. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.
72. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) бекітеді және олар тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған объектілердің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.
73. Уәкілетті орган көзделген аймақтардың шегінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.
74. Айрықша тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени қазына болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерінің ансамбльдері мен кешендері, аумақтар тарихи-мәдени қорықтар деп жариялануы мүмкін, оларды қорғау олар туралы арнаулы Ережелер негізінде жүзеге асырылады.
5.4. Экологиялық талаптар
75. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi оның қоршаған ортаға әсерiн бағалауды ескере отырып Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде белгiленген объектiлердiң жiктелуiне сәйкес жүзеге асырылуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды көздеуге тиiс.Аталған iс-шаралар әсер етудiң осы түрi үшiн заңдарда белгiленген нормативтерге және (немесе) мүмкiн болатын шектi деңгейге (жүктемеге) сәйкес қарастырылады және орындалады.
76. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалардың бөлiмдерi (бөлiктерi) енгiзiледi.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегi жобалау құжаттамасының белгiленген тәртiппен бекiтiлген талаптарын (шарттарды, шектеулердi) орындау жобаларды iске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
Экологиялық апат аймақтары деп жарияланған өнеркәсiптiк орталықтар немесе жекелеген өндірістiк кешендер бар аумақтар халықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кешенді жобалық құжаттамалармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
77. Қалалар және басқа да елдi мекендердi жоспарлау және салу кезiнде оларды санитарлық тазарту, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен қауiпсiз жұмыс iстеу көзделуге және жүзеге асырылуға, шектеулi табиғат пайдалану режимi қолданылатын орманды-саябақты, жасыл және қорғау аймақтары құрылуға тиiс.
78. Ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, автомобиль жолдары және өзге де өнеркәсiптiк объектiлер қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ететiн техникалық регламенттердiң, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердiң, нормалардың, қала құрылысының талаптары және өзге де талаптар ескерiле отырып орналастырылуға тиiс.
79. Кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау жүйелерiн, кәрiздердi, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк және байланыс объектiлерiн, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде:
қоршаған орта сапа нормативтерiнiң сақталуы;
қауiптi қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы;
қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;
қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиiмдi шараларының қолданылуы;
табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуi тиiс.
80. Мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы жоқ жобаларды қаржыландыруға және iске асыруға тыйым салынады.
81. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болғанда және қоршаған орта сапасының нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыс құнын қоршаған ортаны қорғауға залал келтiре отырып, өзгертуге жол берiлмейдi.
82. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс.
Жоба бекiтiлгенге дейiн және нақты жер учаскесi бөлiнгенге дейiн объектiлердi салуға, реконструкциялауға тыйым салынады.
83. Табиғат пайдаланушылар жердi пайдалану кезiнде:
санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi озық технологияларды енгiзуi;
топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi;
қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтауы тиiс.
84. Жердi қорғау мақсатында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жер пайдаланушылар:
жердi су және жел эрозиясынан, селдерден, су басудан, батпақтанудан, қайта тұзданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан, радиоактивтi және химиялық заттармен ластанудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен қоқыстанудан, ластанудан, оның iшiнде биогендiк ластанудан, сондай-ақ басқа да терiс әсерлерден сақтау;
ауыл шаруашылығы алқаптарын және басқа да жердi бактериялық-паразиттiк және карантиндiк зиянкестермен және өсiмдiктер ауруларымен зақымданудан, арамшөптер, бұталар және шiлiктер басып кетуден, жердiң жай-күйiнiң өзге де нашарлану түрлерiнен қорғау;
ластанудың, оның iшiнде биогендiк ластанудың және жердiң қоқыстануының салдарларын жою;
мелиорацияның қол жеткiзiлген деңгейiн сақтау;
бүлiнген жердiң құнарлылығын қалпына келтiру, топырақ құнарлылығын қалпына келтiру, жердi айналымға уақтылы енгiзу;
топырақтың құнарлы қабатын кейiннен жердiң құнарлылығын қалпына келтiрудi жүргiзу кезiнде пайдалану үшiн алу мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
85. Кәсiпорындар, құрылыстар мен басқа да объектiлер салу мен реконструкциялау жобаларын экологиялық сараптамадан өткiзу кезiнде олардың жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, тiршiлiк ету ортасына, жануарлардың өрiс аудару жолдарына және көбею жағдайларына әсерi мiндеттi түрде ескерiледi.
86. Темiр жолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, электр беру және байланыс желiлерiн, сондай-ақ каналдарды, бөгеттердi және өзге гидротехникалық құрылыстарды жобалау мен салу кезiнде жануарлардың өрiс аудару жолдарының сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленуге және жүзеге асырылуға тиiс.
87. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актiсi бойынша жүргiзiледi.
88. Аумақтың және (немесе) объектiнiң жол берiлетiн концентрациялар шегiнен тыс зиянды химиялық, биологиялық заттармен, жол берiлетiн шектi деңгейден тыс радиоактивтi заттармен ластану салдарынан аумақта бұрын туындаған не күтiлiп отырған (болжанып отырған), адам өмiрi мен денсаулығына төнетiн қауiп болған жағдайда, қала құрылысы құжаттамасында жобаның мұндай көздердi құрту (жою) жөніндегi шараларды, ластанған аумақтарды (объектiлердi) оңалтудың кешендi шараларын жүргiзе отырып, оларды тоқтатып қоюды, сондай-ақ азаматтардың (халықтың) қолайсыз аймақта уақытша болуын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң аумақты және объектiнi (объектiлердi) пайдаланудың ерекше режимiн енгiзу мүмкiндiгiн көздейтiн жобаның арнаулы бөлiмдерi (бөлiктерi) болуға тиiс.
6. Жобалау
6.1. Жаңа құрылыс объектілерін жобалау және қолданыстағы объектілерді өзгерту
89. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:I санат - осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады;
II санат - осы тармақта аталған, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады;
III санат - осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.
90. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерiн жобалау адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн құрылыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
91. Ғимараттарды жобалау кезiнде өмiрлiк циклдiң барлық сатыларындағы, оның iшiнде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде көзделетiн бұзушылықтар және рұқсат етiлмейтiн құрылыс кезiндегi адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнетiн барлық ықтимал тәуекелдер сәйкестендiрiлуге және ескерiлуге тиiс.
92. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде құрылыс салушы жобалық құжаттамада белгiленген қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн орындауға және ғимарат құрылысын жүргiзудiң түрлi сатыларында олардың орындалуына бақылау мен қадағалау жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
93. Салынып жатқан ғимараттар өзге объектiлерден белгiленген нормаларға сәйкес қажеттi арақашықтықта аулақ орналастырылуға тиiс.
94. Тапсырыс берушiлер құрылысты салуға, реконструкциялауға және жөндеуге құрылыс мердiгерлiгiнiң шартын жасасу кезiнде онда техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн техникалық регламенттердiң және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарын көрсетуге тиiс.
95. Қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылатын құрылыс объектiлерiнде тапсырыс берушi және мердiгер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және адам өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтiру мүмкiндiгiн болғызбауға мiндеттi.
96. Ғимараттарды жобалау және салу кезiнде мынадай құбылыстарға:
ғимараттың тұтастай немесе оның бiр бөлiгiнiң опырылып құлауына;
жол берiлмейтiн шамада бүлiнуiне;
көтергiш элементтердiң айтарлықтай бүлiнуi салдарынан құрылыстың басқа бөлiктерiнiң немесе оларда орнатылған қондырғылар мен жабдықтардың бұзылуына;
бастапқы себептермен салыстыруға болмайтын, кездейсоқ жағдайлардан туындаған залалға әкеп соқтыратын жүктемелердi есепке алу қажет.
97. Өрт болған жағдайда ғимараттар:
белгiлi бiр мерзiм iшiнде көтергiш элементтердiң берiктiгi қамтамасыз етiлетiндей;
ғимарат iшiнде өрт пен түтiннiң пайда болуын және таралуын шектейтiндей;
авариялық шығу жолдары арқылы адамдарды дереу эвакуациялауды қамтамасыз ететiндей;
құтқарушы топтар жану ошақтарына қауiпсiз кiре алатындай етiп жобалануға және салынуға тиiс.
98. Ғимараттар адам денсаулығы мен гигиенасы үшiн, атап айтқанда:
уытты газдардың және өзге де зиянды химиялық заттардың бөлiнуi;
ауада қауiптi бөлшектердiң немесе газдардың болуы;
қауiптi радиацияның сәуле шығаруы;
судың немесе топырақтың ластануы немесе залалдануы;
судың, түтiннiң немесе қатты немесе сұйық қалдықтардың бөлiнуi арқылы бұзылуы;
ғимарат бөлiктерiнде немесе ғимараттың iшкi беттерiнде ылғалдың болуы салдарынан қауiп төндiрмейтiндей болып жобалануға және салынуға тиiс.
99. Ғимараттар оларды пайдалану тайып кету, құлау, соққы алу, күю, электр тогымен зақымдану, жарылыс салдарынан жарақаттану сияқты жазатайым оқиғалардың жол беруге болмайтын тәуекелiн тудырмайтын болып жобалануға және салынуға тиiс.
100. Ғимаратты шудан оқшаулау адам өмiрi мен денсаулығы үшiн жол беруге болмайтын тәуекелдi болғызбауды есепке ала отырып жобалануға және салынуға тиiс.
101. Ғимарат, сондай-ақ оның жылыту, салқындату және желдету қондырғылары ғимаратты пайдалануға қажеттi энергияны тұтыну жергiлiктi климаттық жағдайларды есепке алғанда қалыпты болатындай, бiрақ адам денсаулығына зиян келтiрiлмейтiндей етiп жобалануға және салынуға тиiс.
102. Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі жұмыстардың процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
103. Қайта игерілетін және қайта жаңғыртылатын аумақты жоспарлаған, онда құрылыс салған және абаттандырған кезде халықтың іс-қимылы шектеулі топтарының тұрғын, қоғамдық, өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) мен оған іргелес жатқан аумақтағы құрылыстарға және өтпе жолдарға кіруін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды көздеу қажет.
104. Жобалауға берiлген тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы мемлекеттiк нормативтiк құжаттамаларда белгіленген талаптарға сәйкес келiсiледi және бекiтiледi.
Құжаттамаға сараптама "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 64-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
105. Аса маңызды қала құрылысы тораптары (объектілері) сәулет-жоспарлық және көлемдік-кеңістік шешімдерді нақтылау мақсатында облыстың, ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдарының Сәулет-қала құрылысы кеңесінде (қажеттілігі қарай өкілді органдарда) қаралады.
Облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесіне ұсынылатын материалдардың құрамы және оларды ұсыну тәртібі Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 161 қаулысымен бекітілген Сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы ережеде айқындалған.
6.2. Жеке құрылыс салуды жобалау
106. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi елді мекендердің шекарасы шегінде олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген алаңдардан, ал тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендерде – аталған елді мекенді дамыту және оған құрылыс салу схемасына (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы) сәйкес беріледі.107. Сауда-саттықта сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерін қоспағанда, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына 0,10 гектар мөлшерінде жеке меншікке тегін беріледі.
108. Жеке тұрғын үй құрылысы аумағын жоспарлау және құрылыс салу "Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жоспарлау және құрылыс салу" 3.01-02-2001 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.
109. Жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілетін аудандар елді мекеннің жалпы функционалдық-жоспарлау құрылымының құрамды бөлігі болып табылады.
110. Жеке тұрғын үй салу аудандарын жоспарлауды ұйымдастыру кезінде елді мекеннің жалпы және көлемдік жоспарлау құрылымын, табиғи-климаттық, әлеуметтік-демографиялық ерекшелігі мен тұрғындардың ұлттық-тұрмыстық дәстүрі есепке алынуы қажет.
111. Елді мекендердегі жеке тұрғын үй құрылысын:
қаланың және басқа да елді мекеннің шекарасы шегіндегі бос аумақтарда;
қайта жаңғыртылатын аумақтарда, оның ішінде қолда бар тұрғын құрылыстарды тығыздау арқылы;
тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдардың келісімі бойынша қорықтарды, ұлттық және табиғи бақтарды, сондай-ақ санитарлық-қорғаныш аймақтары мен санитарлық қорғау аймақтарын қоспағанда, табиғат ландшафтының қорғау аймағы мен құрылысты реттеу аймағы шегінде;
қала маңындағы аймақтарда;
табиғат қорғау талаптарын ескере отырып, резервтік аумақтарда орналастыруға болады.
112. Үй жанындағы учаскеде тұрғын және шаруашылық аймақтарды функционалдық тұрғыдан бөліп көрсету қажет. Шаруашылық аймақ тәртіп бойынша учаскенің түкпірінде орналасады және ол шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлармен, шағын формалармен және жасыл екпелермен оқшауланады.
Үй жанындағы учаскелердің көшелерге жапсарлас шекаралары "қызыл сызықтар" бойынша белгіленуі тиіс. Учаскеде тұрғын үйді тұрғын көшелердің қызыл сызықтарынан кемінде 3 метр, ал магистралды көшелердің қызыл сызықтарынан кемінде 6 метр кейін шегіндіріп орналастыру қажет. Шаруашылық-тұрмыстық үй-жайларды жер учаскесінің қасбеттік бөлігінде орналастыруға жол берілмейді.
Тұрғын үй мен шаруашылық үй жайларды орналастыру кезінде аталған құрылыстарды көршілес жер учаскесіндегі құрылыстармен блоктау жағдайларын қоспағанда, көршілес жер учаскесінің шекарасынан кемінде 1,5 метр шегіну қажет.
Кәріз жүйесі жүргізілмеген жеке тұрғын үй құрылысы аймақтарында тұрғын үйдің терезесінен ауладағы әжетханаға, кәріз жүйесінің тазарту имараттарына, сондай-ақ компост үшін арналған алаңдарға дейін кемінде 20 метр, құс пен малдарға арналған қораларға дейін кемінде - 15 метр, ал бөлек тұрған шаруашылық құрылыстарға дейін кемінде 12 метр санитарлық алшақтық сақталуы тиіс.
113. Жеке тұрғын үй құрылысын салу ережелерiне сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес анықталған аумақтарда жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн белгiленген тәртiппен берудi;
жеке тұрғын үйлер салынатын аумақта әлеуметтiк, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерiн салып, пайдалануды;
құрылыс салудың ережелерiнде белгiленген мерзiмде жер учаскелерiн бөлу, жобаларды келiсу, техникалық шарттарды беру жөнiндегi материалдар дайындауды, құрылыс үшiн несие бөлудi, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және үйдi жайғастыру заттарын сатуды, құрылыс кезiнде қызмет көрсетудi жүзеге асыратын аудандық (қалалық) қызметтердiң жұмысына, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың мүдделерiн қорғайтын және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының басқа да қалыпты құжаттарында көзделген қалыптардың сақталуына бақылау жасауды;
жеке тұрғын үйлердi, басқа да құрылыстарды салып, пайдалану және жер учаскелерiн пайдалану ережелерi туралы азаматтарға хабарлауды ұйымдастырып, қамтамасыз етедi.
114. Жеке тұрғын үй құрылысы аумағында қызмет көрсетуге арналған әлеуметтiк, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыру, сондай-ақ инженерлiк жағынан қамтамасыз ету көздерiн дамытуға жұмсалатын шығындар бюджет қаражаты, кәсiпорындардың, ұйымдардың қаражаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздерi есебiнен жүзеге асырылады. Жеке құрылыс салушылардың қаражатын тарту тек ерiктi негiзде ғана жүзеге асырылады.
Шығын мөлшерi халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерiн салуды ескере отырып, сол жер үшiн ең төменгi қалыптан кем болмайтын, жеке және өзге де құрылыс салушылардың санына тепе-тең мөлшерде белгiленедi.
6.3. Елді мекендердің аумағында инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалау және салу
115. Объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін таратушы және алаңішілік инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың ішіндегі желілерді жобалау, олардың ұзындығына қарамастан, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы және елді мекендердің инженерлік қызметтерінің техникалық шарттарына сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.Бұл ретте электрмен, газбен жабдықтау, суық және ыстық сумен жабдықтау инженерлік коммуникацияларын әрбір пәтерге енгізуді қаланың инженерлік қызметтерінің тиектік арматураға және есеп құралдарына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үйдің ортақ пайдаланыстағы жерлерінде қарастыру қажет.
116. Инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалауды аталған жұмыстарды орындауға тиісті мемлекеттік лицензиялары бар жобалау ұйымдары немесе жеке тұлғалар жүзеге асырады.
117. Инженерлік желілердің жобалары жобаны әзірлеу кезінде сәйкес болатын, 1:500 ауқымындағы топогеодезиялық негізде орындалуы тиіс. Инженерлік желілер мен құрылыстардың әзірленген жобалары сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерімен, тиісті коммуналдық және елді мекеннің инженерлік қамтамасыздандырылуын жүзеге асыратын басқа да қызметтермен міндетті түрде келісілуі тиіс және белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптамадан өтеді.
118. Инженерлік желілер мен құрылыстарды орналастыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген тәртіппен және осы қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
119. Инженерлік желілер мен құрылыстарды орналастыру аяқталысымен, оларды топырақпен көмгенге дейін құрылыс салушы (тапсырыс беруші) немесе құрылыс ұйымы, кейіннен сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде тіркей отырып, инженерлік желілердің жаңадан салынған учаскесінің М 1:500 атқарушы геодезиялық түсірілімін қамтамасыз етеді.
120. Инженерлік желілерді пайдалануға қабылдауды олардың құрылысы немесе қайта құрылуы аяқталысымен белгіленген тәртіпте қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
121. Қайта соғылған инженерлік желілер мен құрылыстар сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде тіркеледі және қалалық мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
122. Инженерлік желілердің құрылысын жүргізуге ниеті бар жеке және заңды тұлғалар, инженерлік желілерді кейін пайдаланушы ұйымның теңгеріміне өткізу шартымен оларды жобалауға және құрылысын салуға тапсырыс бере алады.
6.4. Қолданыстағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)
123. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнің келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй-жайлардан оқшау болуға тиіс және ортақ кіру (шығу) есігі болмауға тиіс. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган растайды.Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.
Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай:
өзгерістер тіреуіш конструкцияларды қозғаған;
өзгерістер ортақ мүлікті қозғаған жағдайларда, талап етіледі.
Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі.
124. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуды жүзеге асыруды не қолданыстағыларын қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ұйғарған мүдделі жеке немесе заңды тұлғаның (өтініш берушінің) жазбаша өтініші бойынша сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелері:
өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы;
қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиісті шешім қабылдайды.
125. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуды жүзеге асыруды не қолданыстағыларын қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ұйғарған адамның (өтініш берушінің) жазбаша өтінішінде, тиісінше:
жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және телефоны, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, почтаның мекенжайы мен телефоны, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
құрылысы ұйғарылып отырған объектінің мақсаты және негізгі параметрлері (есептелген қуаты, жалпы алаңы, қабаттылығы, сыйымдылығы, өткізу қабілеті және тағы сол сияқтылар);
құрылыс учаскесін орналастыру болжанған (қалап алынған) орын негіздемесі;
қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жататын қолданыстағы ғимараттардың, үй-жайлардың (жекелеген бөліктерінің) мекенжайы (орналасқан жері) көрсетіледі.
Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім алу үшін өтінішке:
өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса беріледі.
7. Құрылыс
7.1. Құрылысты жүзеге асырудың жалпы тәртібі
126. Инженерлік желілер мен құрылымдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар осы Қағидамен және елді мекен аумағындағы абаттандыру, санитарлық жағдайда ұстау, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету ережелерімен, құрылыс нормалары мен ережелерімен анықталады.Құрылыстың тиісті кезеңдерінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңының 68-бабымен бекітілген рәсімдер орындалып, талаптары сақталуы тиіс.
127. Құрылысы аяқталған объектілер, өнімдерді, жабдықтарды және құрылыс мерзімінің барлық кезеңінде орындалатын жұмыстарды қоса алғанда, нормативтік құжаттардың, қала құрылысы мен жобалау құжаттарының талаптарына сай болуы және құрылыс өнімдерін пайдаланушылардың заңмен қорғалатын қауіпсіздігін, денсаулығын және өзге де мүдделерін, сондай-ақ олардың қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
128. Объектінің құрылысы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес бекітіліп және әзірленген және міндетті түрде сараптамадан өткен жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Белгілі бір объектінің құрылысына арналған құрылыс алаңына құрылыс салушыға тиесілі емес жер учаскелерінің аумақтары енгізілуі тиіс болған жағдайда, жобалау құжаттамасының сараптамадан өткенге дейін және бекітілгенге дейін оларды уақытша пайдалануға (сервитуттар) осы аумақтардың иеленушінің келісімін алуы тиіс, ал бекітілетін жобалау құжаттамасының құрамына осы аумақтарды көрсетіп, қосымша құрылыс бас жоспары енгізілуі тиіс. Жобалау құжаттамасынсыз немесе нобай (нобайлық жобалар) бойынша тізбелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында тиісті нормативтік құқықтық аткілерімен белгіленген техникалық күрделі емес объектілердің құрылысы жүзеге асырылады.
129. Объектінің немесе инженерлік коммуникациялардың құрылысына байланысты бұзылған қатты төсемді, гүлзарларды, көгалдарды және елді мекенді абаттандырудағы басқа да бұзылған нәрселерді қалпына келтіру тапсырыс беруші қаражаттарының есебінен мердігердің күшімен осы тараптардың келісімі бойынша іле-шала орындалады.
130. Пайдалануға жарамсыз (қираған) жеке тұрғын үйді қалпына келтіру, не жаңа үйді салу немесе бөлінген үй маңындағы жер учаскесінің шегінде құрылыстың орнын ауыстыру тек жоба бойынша және сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің келісімі бойынша жүргізіледі.
131. Объектінің құрылысы аяқталғаннан кейін, тапсырыс берушілер объектіні заңнамамен белгіленген тәртіпке пайдалануға қабылданғанға дейін, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне объектінің электронды және қағаз түріндегі орындаушылық топографиялық түсірілімін ұсынады.
132. Азаматтарының қалыпты демалысы мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында, инженерлік желілердегі, жүйелердегі және коммуникациялардағы аварияларды жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, түнгі уақыт (23.00-ден 6.00-ге дейін) шу шығаратын құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуге шектеу қойылады.
7.2. Уақытша, сауда, қызмет көрсету және жарнама объектілерін орналастыру және салу тәртібі
133. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру Қазақстан Республикасының аумағындағы елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және сыртқы (көрнекі) жарнаманың басқа да объектілері түрінде жүзеге асырылады.134. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызметтер көрсету саласының кәсіпорындары орналастыратын мынадай жарнама объектілері:
маңдайша;
жайма сөрелер мен терезелерді безендіру;
жұмыс режимі туралы ақпарат;
үй-жайлардың ішкі безендірілуі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне жатпайды.
135. Тарих пен мәдениет ескерткіштері, ғибадат ету объектілері аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.
136. Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.
137. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлға жергілікті атқарушы органға белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш жібереді.
Өтініште:
жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы (телефон, факс бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы (телефон, факс бар болған жағдайда), бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің негізгі параметрлері мен мақсаты;
таңдалған орынның негіздемесімен бірге сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжамды орналасу орны көрсетіледі.
138. Рұқсат алуға арналған өтінішке:
жер учаскесіне немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған объектіге құқық белгілейтін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі не өтініш беруші сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ұсынылатын объектінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектісін басқару органымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттар;
сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ұсынылған объектінің күндізгі және түнгі бейнесін қамтитын нобай, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс істеуін инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі шешім;
елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлғаның өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
139. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру немесе орнату құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуге байланысты болған жағдайларда осы объектіге жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесі де қолданылады.
140. Жер учаскесін пайдалануға арналған рұқсат және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған рұқсат құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алмастырмайды.
141. Жергілікті атқарушы орган сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжанған мекен-жайын, орналасқан жерін, типін (нысанын, түрін), жарнаманың жұмыс режимін, рұқсат қолданысының басталу және аяқталу мерзімдерін, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне және оны техникалық пайдалануға қойылатын талаптарды көрсете отырып, шешімнің жобасын дайындайды.
Рұқсат 1 жыл мерзімге беріледі.
142. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
143. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелерінен алынатын төлем тиісті бюджетке енгізілуі тиіс.
144. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру тиісті рұқсат беру құжаты болмаған кезде төлем сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
145. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы өз бетінше орналастырған иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірілген материалдық залалды өтейді.
Жолақ бөлікті өз бетімен пайдалану, заңсыз пайдаланған уақытта тартқан шығындары өтелместен, тоқтатылады.
7.3. Құрылыс объектісінің жобасына (жұмыс жобасына) паспорт беру
146. Әзірленген жобаның (жұмыс жобасының) паспорты оның міндетті бөлігі болып табылады. Жобаның (жұмыс жобасының) паспорты жобаның (жұмыс жобасының) негізіне алынған техникалық шешімдер, қабылданған негізгі күш түсетін конструкциялар мен техника- экономикалық көрсеткіштері туралы қысқаша ақпаратты ұсыну мақсатында құрастырылады.Паспортта жоба (жұмыс жобасы) бойынша жалпы мәліметтер, соның ішінде: объектінің атауы, оның орналасу орны, тапсырыс беруші, бас жобалаушы, инвестициялар түрі, құрылыстың ерекше шарттары, негізгі бастапқы мәліметтер; объектінің техника-экономикалық көрсеткіштері; нобайлық графикалық материалдар, сондай-ақ:
объектінің мақсаты туралы;
жобаның (жұмыс жобасының) құрамы туралы;
ауданның және алаңның климаттық, инженерлік-геологиялық жағдайлары туралы;
кәсіпорынның құрамына кіретін негізгі объектілердің тізбесі және олардың сипаттамасы;
негізгі ғимараттар мен инженерлік желілердің конструкциялық шешімдері мен сипаттамалары (көрсеткіштері).
Техникалық қайта жарақтандыру, қайта жаңғырту және кеңейту жобалары бойынша ғимараттың техникалық-экономикалық көрсеткіштері қуаттылықтың артуы (төмендеуі) есебімен және объектінің басқа да көрсеткіштерінің өзгеруімен көрсетіледі.
147. Объектілердің мақсатына және ақпараттың көлеміне қарай, тапсырыс берушінің (бас жобалаушының) қалауы бойынша жобалардың (жұмыс жобаларының) паспорттары әр түрлі нысандарда құрастырылуы мүмкін. Алайда паспорттың көлемі А-4 пішіміндегі 2 беттен аспауы тиіс. Бұл ретте ақпараттар қысқа әрі нұсқа мазмұндалуы тиіс.
7.4. Жер үстіндегі және жер астындағы инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарға авариялық және жоспарлы жөндеу жүргізуге ордер алу тәртібі
148. Жер асты және жер үсті инженерлік коммуникациялары мен құрылыстардың құрылысына (жаңғырту, кеңейту, өзгерту, күрделі жөндеу) ордер келесі құжаттар негізінде ресімделеді:Қызылорда қаласы мен аудандардың мүдделі қызметтерімен келісілген, жұмыстың түрі көрсетілген, жұмыс жүргізуге ордер ресімдеуге өтінім;
құрылыс салуға рұқсат беру құжаттамасы (жаңа құрылыс салғанда): сәулет-жоспарлау тапсырмасы, жобалау құжаты, уәкілетті мемлекеттік органдардың жоба бойынша қорытындылары, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі жалғанған, мердігер мекеменің лицензиясының көшірмесі;
149. Тозығы жеткен құрылыстар мен бұзуға жататын объектілерді бұзуға ордер келесі құжаттардың негізінде ресімделеді:
Қызылорда қаласы мен аудандардың мүдделі қызметтерімен келісілген, жұмыстың түрі көрсетілген, жұмыс жүргізуге ордер ресімдеуге өтінім;
бұзуға жататын құрылыс пен жер учаскесіне құқық белгілейтін және құқығын куәландыратын құжаттар;
әзірленген жұмыс жүргізу жобасы;
құрылысты бұзуға қорытынды (қажет болса);
мамандандырылған мекемемен құрылыс қоқысын шығаруға келісім-шарт;
құрылысты бұзу жұмыстарын жүргізуге мердігер мекемемен келісім-шарт;
рұқсат берілген жұмыстар тізімі жалғанған, мердігер мекеменің мемлекеттік лицензиясы.
150. Инженерлік желілерді авариялық және жоспарлы жөндеуге ордер ресімдеу үшін құқық белгілейтін және жобалау құжаттамасы қажет емес. Тек желілердің бүлінуінің ситуациялық жоспары, жұмыс жүргізуге келісім-шарт, конкурстық комиссияның шешімі (ондай қарастырылған болса) ұсынылады.
7.5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау
151. Тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, сараптаманы өткізу міндетті болған жағдайда оның оң қорытындысының және жер учаскесін таңдау актісінің көшірмелерін қоса бере отырып, Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар етуге міндетті.152. Хабарламаларды қабылдау үшін Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында (бұдан әрі - Басқарма) тиісті үй-жайлар жабдықталады, оларда:
кезек күту орындары;
хабарлама толтыру үлгілері және өзге де қажетті ақпараттары бар ақпараттық стенділер;
хабарламаларды қабылдау бойынша қабылдайтын ұйымның және соңғы қабылдаушының жұмыс кестесі;
шағымдар және ұсыныстар жинау үшін жәшіктер көзделуі тиіс.
153. Басқарма оларды толтыру үшін өтініш берушілерге хабарлама нысандарын беруді тегін қамтамасыз етуі тиіс.
154. Хабарлама Басқарма қызметкеріне тікелей беріледі, ол хабарламаның толық толтыруын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қажетті құжаттардың бар екендігін тексереді. Тұлғаның хабарлама беруге өкілеттігін (сенімхаттың болуы) қабылдайтын ұйымның қызметкері тексереді.
Бұл ретте, қабылдайтын ұйымның қызметкері тікелей орында және өтініш беруші хабарламаны беру сәтінде тексереді және оны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді қабылдайды.
Тиісті ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда хабарламалар "электрондық үкімет" веб-порталында электрондық құжат нысанында беріледі.
Хабарламаға қажетті құжаттарды ұсынуды талап ету тек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда рұқсат етіледі.
155. Хабарлама толық толтырылмаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайларда хабарлама қабылданбайды.
Хабарламаны қабылдаудан дәлелді бас тарту ауызша нысанда жүзеге асырылады.
156. Егер өтініш беруші қабылдайтын ұйым қызметкерінің уәждерімен келіспеген жағдайда хабарламаны берген орнында және сол күні олардың арасында "Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт жасалады. Акт хабарламаның көшірмесімен қоса екі данада жасалады және оған өтініш беруші мен қабылдайтын ұйымның қызметкері қол қояды.
Хабарламаның көшірмесімен қоса актінің бір данасы қабылдайтын ұйымда сақтауға қабылданады, ал екіншісі өтініш берушіде қалады және хабарламаның қабылданбағаны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шағымдану үшін негіз болып табылады.
157. Хабарламаны мемлекеттік орган қабылдаған жағдайда "Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес өтініш берушіге хабарламаны қабылдау туралы талон беріледі, онда мыналар:
заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі;
хабарлама оның басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпараттандыратын қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың атауы;
соңғы қабылдаушының атауы;
қабылдайтын ұйымның атауы;
хабарламаны қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы;
хабарламаны қабылдау күні мен уақыты;
хабарламаның тіркелген кіріс нөмірі көрсетіледі.
158. Басқарма түскен хабарламалардың, қол қойылған келіспеушілік актілердің, берілген хабарламалардың көшірмелерінің немесе хабарламаны қабылдау туралы талондардың есебін жүргізеді. Есеп қағаз тасығышта немесе тиісті ақпараттық жүйесі болған жағдайда электронды түрде жүргізіледі.
Басқарма қабылдаған хабарламаларды бекітілген жұмыс кестесін есепке ала отырып, өтініш беруші хабарламаны берген күні соңғы қабылдаушыға жібереді.
7.6. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау
159. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:Тапсырыс берушіде (құрылыс салушыда) оның осы жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттары және оның мердігермен (бас мердігермен) шартының болуына;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуына;
белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға жіберілген хабарламаның болуына;
хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;
құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманы, соның ішінде оны бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде уақтылы рәсімдеуіне және жүргізуіне;
қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының, орнатылатын жабдықтың сапасына, тиісті сертификаттардың болуына;
орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдар, конструкциялар) мен жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, оның ішінде негізгі және қоршау конструкцияларының және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігіне;
мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын жеке өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруына және жүзеге асыруына;
техникалық және авторлық қадағалаумен бірге құрылыстың ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына;
техникалық және авторлық қадағалаудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалауларды (инжинирингтік қызметтер көрсетуді) жүзеге асырудың мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртібін сақтауына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады.
160. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:
салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілердің мониторингі және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;
заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау комиссиясының және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану жүктеледі.
161. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады.
Инспекциялау нәтижелері бойынша жұмысы тексерілген мердігерге (бас мердігерге), сондай-ақ тапсырысшыға (меншік иесіне) берілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша анықталған ақаулардың сипаттамасы бар анықтама және объектілердің ведомосі жасалады.
7.7. Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау
162. Объектіде барлық құрылыс-монтаж жұмыстары, аумақты абаттандыру, бекітілген жобаға сәйкес толық жабдықпен және құрал-сайманмен қамтамасыз ету орындалғаннан кейін бас мердiгер объектінің тапсыруға дайын екендiгi туралы тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) хабарлайды.Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрмей қабылдау комиссиясын құрады.
163. Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) қабылдау комиссиясының жұмысты бастау күнін тағайындайды және қабылдау рәсімдері басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, осы хабарламаны комиссия мүшелерінің алғаны туралы жазбаша растап, комиссияның барлық мүшелеріне жұмыстың басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.
164. Қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) салынған объектінің күрделілігіне және функционалдық арналуына, оның технологиялық және пайдалану сипаты мен параметрлеріне қарай тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) белгілейді.
165. Бас мердігер салынған объектілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына ұсынады.
166. Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы немесе құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасыз орындалғаны туралы қабылдау комиссиясынан қорытынды алған кезде тиісті мемлекеттік органдарға бұзушылықтарға жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту жөнiнде өтініш жасайды, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Азаматттық кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.
167. Қабылдау комиссиясы құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдауды белгіленген нысандағы акті бойынша ресімдейді.
168. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.
Ескертулер мен айрықша пiкiрлер бар қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.
169. Объектiнiң пайдалануға берілгені туралы актiге қол қойылған күн қабылдау комиссиясы объектiнi пайдалануға қабылдаған күн болып есептеледi.
Барлық қабылдау комиссиясының мүшелері қол қойған қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiсi дайын құрылыс өнімiне мүлiктiк құқықты тiркеу кезiнде объектінің пайдалануға қабылданғанын растайтын бастапқы ерекше құжат болып табылады.
170. Объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрілмей жұмыс комиссиясы құрылады.
Жұмыс комиссиясы тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) шешiмiмен (бұйрығымен) тағайындалады.
171. Бас мердігер объектілердің толық дайындығына кешенді бағалауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды жұмыс комиссиясына ұсынады.
172. Жұмыс комиссиясы жұмысының басталу және аяқталу күнiн тапсырыс беруші белгiлейдi.
Тапсырыс беруші осы хабарламаны жұмыс комиссиясы мүшелерінің алғаны туралы жазбаша растай отырып, қабылдау рәсімі басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей барлық жұмыс комиссиясының мүшелеріне жұмыс комиссиясы жұмысының басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.
173. Жұмыс комиссиясы жұмысының нәтижелері қорытындының белгіленген нысаны бойынша ресімделеді.
Барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері жұмыс комиссиясының қорытындысына қол қояды.
Ескертулермен айрықша пiкiрлері бар жұмыс комиссиясының қорытындысына комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.
174. Объектіні пайдалана бастауға дайын еместігі туралы ескерту алған кезде тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) бас мердігердің атына ескерту жібереді.
Бас мердігер ескертуді жою бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды.
Ескертулер жойылған кезде бас мердігер тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) олардың жойылғаны туралы нәтижелерді ұсынады.
175. Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлер.
Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімі болған кезде меншік иесі (тапсырысшы, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделі емес объектілерді, атап айтқанда:
тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);
уақытша құрылыстарды, соның iшiнде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрмыстық үй-жайларды;
жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, бау-бақша серiктестiктерi (қоғамдары) учаскелеріндегі құрылыстарды, үй жанындағы немесе үй iргесіндегі (саяжай) учаскелердегi абаттандыру элементтерiн;
контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды);
автомашиналар саны елуден аспайтын ашық үлгiдегi автотұрақтарды, сондай-ақ саны екеуден аспайтын автомашинаға арналған жайы бар көлiкжайларды;
жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстарды салуды;
шағын сәулеттiк нысандарды және аумақтардың қоршауын;
үйлер (ғимараттар) маңындағы ашық спорт алаңдарын, тротуарларды, тас төсенiштерiн пайдалануға қабылдауды дербес жүзеге асыруға құқылы.
Егер 175-тармақта аталған үй-жайларды (үйдiң жекелеген бөлiктерiн) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтiрсе не мемлекеттiк және (немесе) қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, онда "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабындағы нормаларды қолдануға болмайды.
Бұл нормалар, сондай-ақ:
құрылысы мемлекеттік инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын;
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, сейсмикалық қауiптілігi жоғары не өзге де геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары ерекше аудандарда, сондай-ақ ерекше реттелетiн аймақтарда орналастырылатын (орналастырылған) объектiлерге қолданылмайды.
Объект иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау тәртібін, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
7.8. Жеке тұрғын үй салу
176. Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы, өзiнiң тұрақты тұрғын жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес республика аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн алуға құқылы.Азаматтың меншiк құқығында үй немесе пәтерi, не ол жалдау немесе жалгерлiк шарты бойынша пайдаланатын мемлекеттiк және қоғамдық тұрғын жайлар қорындағы үйлерде пәтерi, саяжайлық немесе бау-бақтық жер учаскесiнiң болуы жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беруден бас тартуға негiз бола алмайды.
Меншiк құқығында саяжай мен бау-бақ учаскелерiнде салынған үйлердi иеленушi азаматтарға, олар тұрғын үйлер мен құрылыстарға арналған қалыптарға сәйкес келген жағдайда, осы жылжымайтын мүлiктi жеке тұрғын үй ретiнде қайта ресiмдеуге, сондай-ақ жер учаскесiнiң нысаналы мақсатпен өзгертуге құқық берiледi.
177. Құрылыс салушы тұрғын үйдi белгiленген құрылыс және мiндеттi қалыптар ережелердi бұзбайтын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының сәулет-қала құрылысы қызметiмен келiсiлген кез келген жоба бойынша салуға құқылы.
Белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген учаскесiнде орналасқан тұрғын үй мен басқа да құрылыстардың көлемiн олардың сыртқы тұрқы (соның iшiнде билiктi) осы құрылыстар, сондай-ақ шектес жер учаскелерiндегi белгiленген мiндеттi қалыптық, санитариялық, өрттен қорғау және техникалық арақашықтықты қамтамасыз ететiн жағдайда жеке құрылыс салушы дербес белгiлейдi.
178. Жеке тұрғын үйлер құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер және басқа заңдарымен реттеледi.
Жеке тұрғын үй құрылысына бөлу үшiн босалқы сақталатын жер учаскелерiнiң мөлшерi, сондай-ақ елдi мекенде оларды игеру кезектiлiгi тиiстi қала құрылысы құжаттамаларының негiзiнде белгiленедi және оларды қолда бар жер ресурстары мен аумақты әлеуметтiк-экономикалық жағынан кешендi дамыту мүдделерiн негiзге ала отырып, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы реттейдi.
179. Жеке тұрғын үй құрылысы жоба бойынша жүзеге асырылады. Жобада тұрғын үйлерге арналған ең төменгi мемлекеттiк қалыптар мен стандарттардан кем болмайтын қауiпсiз тұру шарттарына сай келетiн конструкциялық және жоспарлау шешiмдерi көрсетiледi.
Жеке тұрғын үй құрылысына арналған, соның iшiнде құрылыс салушының өзi жасаған жобаның сапасы үшiн жауапкершiлiк жобаны талдап жасаушыға және өзiмен келiсiлген бөлiгiнде келiсушi ұйымға жүктеледi.
180. Жеке тұрғын үй құрылысының сапасы үшiн құрылыс жұмыстарын орындаушылар жауапты болады.
181. Тұрғын үйдi, басқа да құрылыстар мен ғимараттарды пайдалану және осы мақсатқа жұмсалған шығында, сондай-ақ күрделi жөндеу мен қоныс учаскесiнiң шегiндегi аумақта инженерлiк қорғау жөнiндегi қажеттi шаралар (бұл талап етiлетiн жерде) үшiн жеке тұрғын үйдi меншiктенушi жауапты болады. Меншiктенушiге қоныс учаскесiн нысаналы мақсат бойынша, санитариялық-экологиялық қалыптарды сақтай отырып пайдалануды қамтамасыз ету де жүктеледi.
182. Тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарын өз бетiмен сала бастаған немесе оны салған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
183. Меншiктенушi қоныс учаскесiндегi үйдi және басқа да жылжымайтын мүлiктi қайта құруға, қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға құқылы, бұл орайда құрылыс жөнiндегi және өзге де мiндеттi қалыптар мен ережелер бұзылмауы керек. Құрылыстарды қайта салуға, қайта жоспарлау мен қайта жабдықтауға байланысты қайта жаңарту құрылыс қалыптары мен ережелерiн сақтау бөлiгiнде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының сәулет-қала құрылысы қызметiмен келiсiлген жоба бойынша жүзеге асырылады.
184. Қазақстан Республикасының заң құжаттарында белгiленген реттер мен тәртiпте ғана қоныс учаскесiн қайтарып алуға жол берiледi.
Қоныс учаскесiн қайтарып алу шарттары мен учаскенi қайтарып алуға байланысты бұзылуға жататын үйдi меншiктенушiге берiлетiн өтем нысандары Қазақстан Республикасының жер және тұрғын үй заңдарымен белгiленедi.
Бұл орайда, егер бұзылуға жататын жеке тұрғын үй ортақ үлестiк меншiк құқығында бiрнеше меншiктенушiге тиесiлi болса, олардың әрқайсысы өз үйiн тұрғызу үшiн жеке жер учаскесiн меншiгiне алуға және (немесе) заңдарда көзделген өзге де өтем алуға құқылы.
7.9. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау
185. Бүкiл құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылып, бөлiнген жер учаскесi көркейтiлгеннен кейiн, құрылысты салу әдiсiне қарамастан, жаңадан салынған жеке тұрғын үйлер меншік иесімен пайдалануға қабылданады.186. Меншік иесі салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдаған кезде мыналардың болуы талап етіледі:
сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімі;
сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары;
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама не нобай (жобаның нобайы).
187. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтаған кезде меншік иесі мердігерден объектінің дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса) оны қабылдау рәсіміне кіріседі.
188. Салынған объектіні пайдалануға қабылдаған кезде меншік иесі:
меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісін ресімдей отырып, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 1-тармағында көзделген объектіні пайдалануға қабылдайды;
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың не нобайдың (жобаның нобайы), объектілерді жобалау үшін берілген бастапқы материалдардың (құжаттардың) және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарының сақталуын тексереді;
егер объект мердігерлік тәсілмен салынған жағдайда орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылған құрылыс материалдарының (бұйымдардың, конструкциялардың) және жабдықтардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға немесе нобайға (жобаның нобайына), сондай-ақ мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкестігін тексереді.
189. Актiге қол қойылған күн меншік иесі қабылдаған объектiнiң пайдалануға қосылған күнi деп есептеледi.
Акт дайын құрылыс өніміне меншік құқығын тіркеген кезде айрықша бастапқы құжат болып табылады.
Актіге қол қойған кезде меншік иесі актінің көшірмесін сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.
8. Халыққа тиесілі көлік құралдарын сақтау және қызмет көрсету үшін құрылыстарды орналастыру
190. Елді мекендердің аумақтарына автопаркингтерді, гараждар мен автотұрақтарды жобалау және салу құрылыс нормалары мен қағидаларын, экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды сақтай отырып, бас жоспарға, қала құрылысының регламенттеріне және осы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.191. Тұрғын кварталдарға, ықшам аудандарға, тұрғын аудандарға автомобильдерді тұрақты сақтауға арналған гараждар мен алаңдарды орналастыру қаланың (ауданның) жергілікті атқарушы органының қаулысы негізінде мемлекеттік бақылау органдарымен келісілген және бекітілген жер учаскесін таңдау актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
192. Кооперативтік гараждар мен автотұрақтарды жобалау және салу құрылыс нормалары мен қағидаларын және өзге нормалар мен қағидаларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
193. Гараждарды, автотұрақтарды заңсыз салуға, сондай-ақ қолданыстағы автотұрақтардың қалқаларын заңсыз жайластыруға тыйым салынады.
194. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді, ірі сауда және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде тұрғызылған, жапсарлас салынған және/немесе жерасты гараждары мен автопаркингтерді қарастыру керек.
195. Автопаркингтер, гараждар және көлік тұрақтарын салуға тапсырыс берушілер ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген гараж-құрылыс кооперативтері, ұйымдар және кәсіпорындар, сондай-ақ бір машинаға есептелген бокс типтес бөлек тұратын гараждар салуда жеке тұлғалар әрекет ете алады.
196. Уақытша металл гараждарды тұратын мекенжай бойынша орналастыру мен пайдалану құқығына тек Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған, медициналық-әлеуметтік сараптаманың анықтамасы (қорытындысы) бар мүгедектер ғана ие болады.
197. Гараждарды жобалау үшін жер учаскелерін таңдау елді мекендердің бас жоспарына және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
198. Стационарлы автожанармай құю стансалары мен техникалық қызмет көрсету стансалары ыңғайлы кірме жолдары бар жалпықалалық магистралдардағы арнайы бөлінген алаңға бекітілген нормативтерге сәйкес орналастырылуы тиіс. Орталық жалпықалалық магистралдарға, халық көп жүретін объектілерге, өзендер мен су айдындарына жақын маңға салуға рұқсат берілмейді.
199. Техникалық қызмет көрсету стансасын, стационарлық автожанармай құю стансасын, көлік жуу орындарын және басқа да қызмет көрсету объектілерін нормативтерге сәйкес бір алаңға біріктіріп салуға рұқсат беріледі.
200. Контейнер типті автожанармай құю стансаларын салуға тыйым салынады.
201. Автожанармай құю стансаларын және техникалық қызмет көрсету стансаларын орналастыру оларды орналастырудың бекітілген схемасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Құрылыс салу, жөндеу бойынша жұмыстарды және инженерлік желілердегі аварияларды жою бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ережелері
9.1. Инженерлік желілер мен құрылыстарды салу және жөндеу бойынша жұмыс жүргізу ережелері
202. Инженерлік желілер мен құрылыстардың зақымдауының алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізуге жауапты адам:Жұмыстар басталарға дейін 48 сағаттан кешіктірмей жұмыстар атқарылатын жерге пайдаланушы ұйымдардың өкілдерін шақырады;
қолданыстағы желілер мен құрылыстардың дәл орналасуын бірлесіп белгілейді;
олардың толық сақталуына қатысты шараларды қолданады.
203. Жұмыстарды жүргізу кезінде желілер мен құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету туралы жазбаша талаптарды тиісті пайдаланушы ұйымдар береді.
204. Өкілдердің жұмыстарды жүргізу орнына келуін қамтамасыз ету пайдаланушы ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
205. Жол жабындарын ашу, көшелерді, алаңдарды және жалпы қолданыстағы басқа орындарды қазу жұмыстары мүдделі қызметтермен келісім болған кезде жүргізіледі.
206. Жұмыстар басталғанға дейін жұмыстарды жүргізуге жауапты ұйым мыналарды орындайды:
уәкілетті органнан пайдаланушы ұйымдардың келісімдері негізінде берілетін жұмыстарды жүргізу құқығына ордер алады;
қазылған жердің шекарасын бойлай қатты қоршаулар және белгіленген үлгідегі тиісті ескерту жол белгілерін орнатады;
жаяу жүргіншілер жүретін жерлерге таянышы бар көпірлер орнатады және түнгі уақытта қазылған учаскені жарықпен қамтамасыз етеді;
арық жүйесінің іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету шараларын қолданады;
механизмдердің жұмыс атқаратын аймағында жасыл екпелер болған кезде оларды бүлінбей сақталуына кепілдік беретін саңылаусыз қалқандармен қоршап тастайды;
өтпе жолдарды жабуды талап ететін қазу жұмыстары кезінде айналма жолдардың схемасы тиісті белгілермен белгіленеді;
жолаушылар автокөлігінің бағытын өзгерту қажет болған жағдайда, тапсырыс беруші осы өзгерісті қаланың тиісті қызметтерімен және әкімшілік полициясымен келісіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға міндетті түрде хабарлайды.
207. Траншеяларды жол жабындарын жоғары деңгейде күтіп ұстауға а кепілдік беретін алдын ала дайындықсыз қазуға тыйым салынады.
208. Материалдарды жұмыстар орындалатын жерге жеткізу жұмыстарды орындау басталғанға дейін 24 сағат бұрын жіберіледі.
209. Көшелерде, алаңдарда және басқа да абаттандырылған аумақтарда жерасты коммуникацияларын төсеу үшін траншеялар мен қазаншұңқырлар қазу мына талаптардың сақталуымен жүргізілуі тиіс:
жұмыстар жұмыстарды жүргізу жобасына сәйкес шағын учаскелермен орындалады;
келесі учаскелердегі жұмыстарды бастауға алдыңғы учаскелердегі қалпына келтіру және аумақты тазалау жұмыстарын қоса алғандағы барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін бастауға рұқсат етіледі;
траншеялар мен қазаншұңқырлардан шығарылған топырақ дереу жұмыс орнынан тасылып әкетілуі тиіс;
траншеялар құммен, жұмыртастармен, сеппе қиыршық тастармен немесе басқа да цементтік қасиеті жоқ аз қысылатын (деформациялану моделі 20 МПа және одан да көп) нығыздалған жергілікті материалдармен көміледі;
жол төсеміндегі асфальт-бетонды жабынының ені төрт метрден жеті метрге дейін жететін көшелердің бойына магистральді инженерлік желілерді төсеу кезінде асфальт-бетонды жабын қолданыстағы жолдың енін түгел бойлай қалпына келтіріледі, ал ені 7 метрден асатын кезде, асфальт-бетонды жабынды қалпына келтіру траншеяларда және құрылыс механизмдері жұмыс атқаратын аймақта орындалады;
асфальт-бетонды жабынының ені бір жарым метрден екі метрге дейін жететін тротуарларды бойына телефон кәрізін, электр кәбілдерін және басқа да инженерлік желілерді төсеу кезінде асфальт-бетонды жабын тротуардың енін бойлай қалпына келтіріледі, ал екі метр немесе одан асатын тротуарларға төсеген кезде асфальт-бетонды жабынды қалпына келтіру траншеяны бойлай және құрылыс механизмдерінің жұмыс атқару аймағында орындалады.
жасыл екпелерді, жерасты құрылыстарындағы құдықтардың қақпақтарын, су ағатын торлар мен науаларды топырақпен немесе құрылыс материалдарымен жабуға тыйым салынады.
210. 210. Жұмыстарды жүргізу аяқталғаннан кейін жұмыстарды жүргізуге жауапты адам инженерлік желілердің жобасына сәйкес жүргізілген жұмыстардың актісін ресімдейді.
211. 211. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу немесе аяқтау кезінде инженерлік желілердің трассалары жобаларға сәйкес келмеген жағдайда, тиісті мемлекеттік орган осы желілерді қайта төсеуге өкім береді. Инженерлік желілерді қайта қондыру және оларды жобаға сәйкес келтіруге арналған жабдықтарға жұмсалатын шығындар осы жұмыстарды жүргізетін ұйымның есебінен орындалады.
212. 212. Жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырушы ұйымн жолдардағы топырақты қазған кезде, жұмысты аяқтағаннан кейін топырақ қабаттап нығыздау арқылы көму жұмыстарын жүргізеді. Топырақты нығыздау мүмкіндігі болмаған жағдайда, қазылған жер "қысылмайтын" топырақпен көміледі.
213. 213. Жұмыстарды жүргізуші асфальт-бетонды жабынды сапалы қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Асфальт-бетонды жабынның жоғарғы қатпары бқалпына келтірілгеннен кейін инженерлік желілер төселген жерлерде шөгу, бұзылу пайда болған жағдайда, жұмыстарды жүргізуге рұқсат алушы бір жыл ішінде асфальт-бетонды жабынды қайта қалпына келтіру бойынша тиісті қосымша жұмыстарды жүргізеді.
214. 214. Монтаждалған инженерлік желілер мен салынған инженерлік құрылыстар траншеяларды топырақпен жапқанға дейін объект электронды және қағазға басылған түрде топографиялық түсірілімге (атқарушылық түсірілім) алынуы тиіс. Құдығы мен қақпағы бар коммуникациялардың атқарушылық түсірілімін (бұрылу бұрыштары жоқ тікелей учаскелердегі) траншеяны көмгеннен кейін және сыртқы абаттандыру элементтерін толық қалпына келтіргеннен кейін жүргізуге болады.
215. 215. Барлық инженерлік желілердің және олардың құрылыстарының атқарушылық түсірілімі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне беріледі. Атқарушылық түсірілім инженерлік желілердің және құрылыстардың төлқұжаты болып табылады және салынып жатқан объектінің топографиялық түсірілімі негізінде орындалған жоспары мен пішіні ретінде беріледі.
216. 216. Құрылысы аяқталған инженерлік желілер мен құрылыстарды пайдалануға қабылдап алуды жұмыс және қабылдау комиссиялары жүргізеді.
217. 217. Қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктері мен міндетті құрамы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен анықталады.
218. 218. Инженерлік желілерді пайдалануға қабылдап алу құдықтарды, қақпақтарды орнату мен абаттандыру элементтерін толықтай қалпына келтіруді қоса алғанжа, барлық жұмыстарды толық бітіргеннен кейін жүргізіледі.
219. 219. Көшелердегі және қала аумағындағы кварталдардың ішіндегі құдықтардың, жылу камералардың, люктердің жағдайына аталған инженерлік жүйеге иелік ететін пайдаланушы ұйым немесе ведомство жауапты болады.
220. 220. Кварталдардағы асфальт-бетонды жабынды қазып алуға байланысты жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыстарды жүргізуге жауапты ұйым қазылған жерлерге траншеяның бүкіл енін бойлай бетон тақталар төсеуді және оларға асфальт-бетонды жабын толығымен қалпына келгенге дейін қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
9.2. Инженерлік желілердегі аварияларды жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары
221. Өндірістің тоқтап қалуына себеп болған инженерлік желілер мен құрылыстар бұзылған кезде, авария болған жағдайда пайдалануында осы құрылыстары бар мекеменің басшылары мен өкілетті өкілдері авария туралы дабыл алғаннан кейін:бұзылып қалған желілерді ажыратып, қайта қосу үшін жауапты тұлғаның жетекшілігімен дереу авариялық бригадалар шақырылады;
авария туралы коммуналдық шаруашылық органына, абаттандыру қызметіне, әкімшілік полицияға, төтенше жағдайлар органына, сондай-ақ авария болған орында шектес жерасты шаруашылығы бар басқа да ұйымдарға хабарлайды. Ал қоршаған ортаға шығын келтірген жағдайда, жоғарыда көрсетілген ұйымдардан басқа қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орган, ал авария су құбырларында және/немесе кәріздік желілерде болған жағдайда, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабардар етіледі. Егер үлкен аварият түнгі уақытта болса, аварияның алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі органға, аварияны жою жөніндегі ұйымның іс-әрекетін үйлестіру үшін қала (аудан) әкімі аппаратының кезекшісіне телефонограмма жіберіледі.
222. Жол қозғалысының тиісті органдары мен басқарламалары авария туралы хабарлама алған кезде, оны жою үшін жолды жабу қажет болған жағдайда, жолды жабу және зақымдарды жою мерзімін белгілеу туралы мәселені шешу үшін жауапты тұлғаларды дереу авария орнына жібереді, әкімшілік полициясы жолды уақытша жабу және айналма жол маршруты туралы мәселені шешу үшін шаралар қолданады.
Жолды жабу туралы шешім қабылданған жағдайда жол қозғалысының тиісті органдары мен басқарламалары жолды уақытша жабу және айналма жол маршруты жөніндегі шешіммен төтенше жағдайлар органын хабардар етеді.
223. Аварияны жою жұмыстары аталған инженерлік желілерді, коммуникациялар мен құрылыстарды пайдаланатын ұйымға жүктеледі. Аварияның салдарын жою жұмыстарын инженерлік желілер мен құрылыстардың бұзылуына жол берген ұйым жүзеге асырады.
224. Аварияның салдарын жою жұмыстары жүргізілетін барлық жағдайларда жұмыс жүргізетін ұйым жұмыстарды жүргізуге арналған ордер алуы тиіс.
225. Жабындарды, сондай-ақ абаттандырудың басқа да элементтерін қалпына келтіру жұмыстар аяқталғаннан кейін екі күннен кешіктірмей басталуы тиіс. Аталған жұмыстарды шеккен шығындарын кейінірек заңда белгіленген тәртіппен өтей отырып, қаланың (ауданның) коммуналдық қызметі атқаруы мүмкін.
Егер жерасты инженерлік желілері, коммуникациялары мен құрылыстары ауыстырылатын болса, ауыстырылатын желілер, коммуникациялар мен құрылыстар пайдаланудан шығарылады және жер астынан алынады.
Ауыстырылған инженерлік желілер мен құрылыстарды пайдалануға оларды ауданның (қаланың сәулет және қала құрылысы органында тіркегеннен кейін рұқсат етіледі.
226. Жұмыс істемейтін құрылыстарды қазып алу жұмыстары және қазып тастауға байланысты жұмыстар тиісті органдардың рұқсатын алғаннан кейін осы қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
10. Сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі.2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексі.
3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексі.
4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экология кодексі.
5. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Заңы.
6. "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 3 қарашадағы № 213 Заңы.
7. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңы.
8. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы.
9. "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 Заңы.
10. "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысы.
11. "Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысы.
12. "Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидаларын және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1278 қаулысы.
13. "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысына өзгеріс енгізу және "Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі № 748 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 784 қаулысы.
14. "Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 қаулысы.
15. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда тіркелген № 8267 "Құрылыс салудың аумақтық ережелерiн әзірлеудің қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығы.
16. "Жеке тұрғын үй салу аудандарын жоспарлау және оларға құрылыс салу" 3.01-02-2001" Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелері.
17. "Құрылыс терминологиясы" 1.01-32-2005 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелері.
18. "Қазақстан Республикасының қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқаулық" 3.01-00-2011 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары.