Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі N 34/2 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2014 жылғы 28 қазанда N 4781 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы N 36/5 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 27.11.2014 N 36/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының кезекті
      ХХХІV сессиясының төрайымы
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы

Л. ҚОЖАНИЯЗОВА
 
И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады