"Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 желтоқсандағы № 204 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 4828 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 тамыздағы № 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 03.08.2016 № 33 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Арал аудандық мәслихатының
      кезектен тыс отыз үшінші
      сессиясының төрағасы М.Жулдасбаев
      Арал аудандық
      мәслихатының хатшысы К.Данабай

  Арал аудандық мәслихатының
2014 жылғы "05" желтоқсандағы
№ 204 шешімімен бекітілген

"Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Арал аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органындарында шоттары болады.
      5. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Арал аудандық мәслихат хатшысының өкімдері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120100, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Школьная көшесі №33.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:
      1) "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі аптада 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысы жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-де басталып, 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс.
      3) сенбі, жексенбі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі жұмыс істемейді.
      12. Осы Ереже "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен құқықтары

      15. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылатын Арал аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      16. Міндеттері:
      Арал аудандық мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруына көмек көрсетеді.
      17. Функциялары:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде Арал аудандық мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
      3) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесіне сәйкес есепке алу және есептілікті жүргізу;
      4) Арал аудандық мәслихатының актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды әділет органдарына тіркеуге жолдайды;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Арал аудандық мәслихатының шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
      6) Арал аудандық мәслихаты қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қамтамасыз ету;
      7) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Арал аудандық мәслихатының сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
      21. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
      22. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) заңнамаға сәйкес аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      6) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
      7) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      8) аудан әкіміне сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамшылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      9) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
      10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
      11) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
      12) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
      13) заңнамада белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      14) "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
      15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Арал аудандық мәслихатының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
      "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      23. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Арал аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.
      24. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлкті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады