2014 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 шілдедегі N 303 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамыздағы N 4747 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      “Білім туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2014 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2014 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Қ.Мұстафаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жалағаш ауданының әкімі

Т. Дүйсебаев


  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы “23” шілдедегі
N 303 қаулысына 1-қосымша

2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысы

Аудан атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны

1

2

3

1

Жалағаш ауданы

659

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы “303” шілдедегі
N 303 қаулысына 2-қосымша

2014 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері

Аудан атауы

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)

Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)

Шағын орталық

1

Жалағаш ауданы

19 870

17 853

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы “23” шілдедегі
N 303 қаулысына 3-қосымша

2014 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата- ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері

1

2

3

1

Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес

Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады