Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 196 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 мамырда № 4677 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 361 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 12.02.2016 № 361 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілетін орын ретінде Жаңақорған кентінде орналасқан "Арман" мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      ХХІХ сессиясының төрағасы Н. ҚАЛЖАНОВ
      Жаңақорған аудандық
      мәслихат хатшысы А. НАЛИБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады