2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 493 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4826 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2014 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2014 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е. Әжікеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
  2014 жылғы "15" желтоқсандағы
  № 493 қаулысына 1- қосымша

2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Аудан атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен
мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны
1
Сырдария ауданы
485

  Сырдария ауданы әкімдігінің
  2014 жылғы "15" желтоқсандағы
  № 493 қаулысына 2-қосымша

2014 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері


Аудан атауы
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)
1
Сырдария ауданы
19 876

  Сырдария ауданы әкімдігінің
  2014 жылғы "15" желтоқсандағы
  № 493 қаулысына 3-қосымша

2014 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата- ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
1
Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады