"Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 желтоқсанда № 300 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қаңтарда № 2579 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.12.2018 № 316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Г.М. Байжауынова) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

А. Айдарбаев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының туризм

      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      Г.М.Байжауынова

      08 желтоқсан 2014 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 300 қаулысымен бекітілген

"Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттiк мeкeмeci туралы
Е Р Е Ж Е
1. Жалпы ережелер

      1. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление туризма Мангистауской области".

      10. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      14. Жұмыс режимі "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Маңғыстау облысының туризм басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы өңірде және халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысының тұрақты өсуі үшін жоғарғы тиімділіктегі және бәсекеге қабілетті туристік индустрияны дамыту болып табылады.

      16. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

      1) туристік қызметтің дамуын қамтамасыз ету;

      2) туристік қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

      3) Маңғыстау облысының туристік өнімін жылжыту болып табылады.

      17. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Маңғыстау облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) уәкілетті органға туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген тұлғалар туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады;

      3) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Маңғыстау облысының аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;

      4) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

      5) Маңғыстау облысының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

      6) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;

      7) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      8) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға жәрдемдеседі;

      9) туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;

      10) туризм мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      11) туристік ақпарат орталығын құруға жәрдемдеседі;

      12) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      13) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

      14) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;

      15) мыналардың:

      туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың;

      туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіпте мыналарға:

      1) "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің және (немесе) облыс әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысуға;

      2) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;

      3) ведомствосына қарасты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      19. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      1) "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

      3) "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

      4) "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. Маңғыстау облысының туризм басқармасының қызметін ұйымдастыру

      20. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      21. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      22. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      23. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      2) "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

      5) "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

      6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      7) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

      8) "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттар жобаларының әзірлену барысын бақылайды;

      9) "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;

      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың ұтымды және мақсатты орындалуын бақылайды;

      11) "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

      12) "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Маңғыстау облысының туризм басқармасының мүлкі

      26. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      27. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Маңғыстау облысының туризм басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

      30. "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады