Жаңаөзен қаласы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыз № 13 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 ақпанда № 2363 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 2/26 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.05.2016 № 2/26 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Респубикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орны жалғанған картаға сәйкес, 3 "А" шағынауданындағы қалалық парк жанындағы алаң белгіленсін.

      2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2009 жылдың 21 желтоқсандағы № 25/165 "Жаңаөзен қаласы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 11-2-130 болып тіркелген, 2010 жылғы 10 ақпандағы № 06 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (И. Орынбеков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (И. Орынбековке) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
Қалалық мәслихат
хатшысы
Р.ТаумұрыновС. Мыңбай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы

      бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының у.м.а.

      Г.Абдреева

      12.03.2014 жыл.
"Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшысының у.м.а.

      С. Қайырбаев

      12.03.2014 жыл.

      Жаңаөзен қалалық мәслихаттың

      2014 жылғы 12 наурыздағы № 25/215

      шешімімен белгіленді

      (картаны қағаз нұсқасынан қараңыз)

      КЕЛІСІЛДІ

      Жаңаөзен қалалық сәулет және

      қала құрылысы бөлімі басшысының у.м.а. Г. Абдреева

      Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі

      басшысының у.м.а. С. Қайырбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады