Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 23/157 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 мамырда № 2415 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 30.10.2017 № 18/145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 2318, "Рауан" газетінде 2013 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тізбесін айқындаудың қағидасында:

      9 тармақтың 1) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

      "1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен және бұрынғы КСР Одағының "Батыр ана", "Аналық даңқ" (1, 2, 3 дәрежесі) ордендерімен, "Аналық медалі" (2 дәрежесі) медалімен марапатталған көп балалы аналарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.";

      9 тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы келесідей редакцияда жазылсын:

      "30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушыларға - әр бір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;";

      9 тармақтың 5) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан халқының бірлігі күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күні, Наурыз мейрамы мемлекеттік мерекелеріне және Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай мүгедектерге - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      9 тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "7) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға – 20 (жиырма мың) теңге;

      8) Халықаралық балаларды қорғау күніне мүгедек балаларға және 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      9) мүгедек балалар үшін таңдаған мамандығына шектеу қоймай Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарындарында оқу ақысын төлеу үшін.".

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Қ.Еламанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына (комиссия төрағасы Н. Хайруллаев) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Тарғынов

Аудандық мәслихат


хатшысы

А.Ұлұқбанов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының орынбасары

      Б.Әзірханов

      21 cәуір 2014 жыл

      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Өмірбеков

      21 сәуір 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады