Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/128 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 наурызда № 2368 болып тіркелді. Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 шілдедегі № 19/162 шешімімен өзгерістер енгізілді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 5/51 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Қ. Бөбетай).
      4. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы шешімді аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін (Т.Қылаңов).
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Т. Абдулаева
      Аудандық Мәслихат хатшысы Т.Қылаңов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
      11 наурыз 2014 жыл.
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Шабикова Рима Нерражимқызы
      11 наурыз 2014 жыл.

  Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 15/128 шешіміне 1 қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 23.07.2014 № 19/162(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.03.2015 № 23/193(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2015 № 25/209жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 27/225 шешімдерімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


р/с
Санаттар тізбесі
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме
Шекті мөлшерлер
Өтініш білдіру мерзімдері
Төлеу мерзімділігі
Табысы есептелмей өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек
 
1
Өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар
Табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне зиян келтіру
50 айлық есептік көрсет кіштен артық емес
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей
Жылына бір рет
Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық аурулар, иммуннитет тапшылығы вирусы және туберкулездің түрлі нысандары
26 айлық есептік көрсет кіштен артық емес
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей
Жылына бір рет
 
Табысы есептеліп өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек
2
мүгедек студенттер
 
Өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім - шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу
1)оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;
 
2) 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер
Жыл сайын
 
 
 
 
 
 
 
Ай сайын
Оқу ақысын төлеу
 
 
 
 
 
 
 
Тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі
3
1) тұл жетім студенттер, балалар үйінің, балалар ауылының тәрбиеленушілері;
2) келесі отбасыдан шыққан студенттер:
егер ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болуы, жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болуы, ата- анасының біреуі қайтыс болуы;
төрт және одан да көп баласы бар, кәмелет жасқа толмаған балалармен бірге тұратын, соның қатарында кәмелет жасқа жеткеннен кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа жеткенге дейін) жоғарғы оқу орнында, орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасылар
Мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын, білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт кешендерін қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды даярлау мақсатында, өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім-шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу
1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;
 
 
2) 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер
Жыл сайын
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ай сайын
Оқу ақысын төлеу
 
 
 
 
 
 
 
Тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі
4
Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңының 6 бабында қарастырылған негіздеме бойынша тұлғалар (отбасылар);
Емделуге, отбасы мүшесінің біреуі қайтыс болуына байланысты, тұрмыстық қажеттіліктерге, дәрі-дәрмек, мектепке керек-жарақтарын алуға мұқтаж басқа да тұлғалар (отбасылар)
Өтініш беру алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы
40 айлық есептік көрсеткіштен артық емес
Өтініш берген күннен бастап
Жылына бір рет
5
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының табысы аз жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен айналысатын жеке тұлғалар
Жүгінген айдың алдындағы 3 айда отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болуы және отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы
Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады
Өтініш берген айынан бастап
Үміт кердің өтініші бойынша ай сайын неме се үш ай үшін бір мезгілде төленеді

  Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 15/128 шешіміне 2 қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2 - қосымшаға өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 04.03.2015 № 23/193(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2015 № 25/209(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.


р/c
Атаулы күндер мен мерекелік күндер тізімі
Санаты
Әлеуметтік көмек мөлшері
Әлеуметтік көмек еселігі
Қазақстан Республикасының 5 сәуірдегі 1999 жылғы "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар
1
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар
2 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
 
 
Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
5 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
2
1986 жыл 26 сәуір Чернобыль атом электростанциясындағы (әрі қарай - Чернобыль АЭС) апат күні
Чернобыль АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдар
60 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
1986–1987 жылдардағы Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысушылар
50 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
1988–1989 жылдардағы Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысушылар
20 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
3
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
5 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
4
9 мамыр Жеңіс күні
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
100 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа)
60 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар (1986–1987 жылдардағы Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа)
50 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар
40 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi
40 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС – тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай – ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері)
40 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
 
4-1
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы қазақстандық жауынгерлердің ұрыс және жерленген жерлерге, батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына бару үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлердің отбасы мүшелеріне
Сапар аяқталғаннан кейін жол жүру билеттерін, тамақтанғандығын және тұрғандығын растайтын құжаттарды ұсынуымен, бірақ 150 000 теңгеден артық емес (өтініш бойынша)
Біржолғы
5
1 маусым- Балаларды қорғау күні
16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
5 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
6
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушылар
8 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар
60 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
5 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
7
Қазақстан Республикасының мүгедектер күні
Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
5 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
8
16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні
Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
5 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Қазақстан Республикасының 5 сәуірдегі 1999 жылғы "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын тұлғалар санаты
9
1 қазан - Халықаралық қарттар күні
Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлер
2 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
10
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
1991 жылға дейін Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар
36 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
11
9 мамыр - Жеңіс күні
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтар
20 000 теңге
Жылына бір рет

      
      АЭС - атом электр станциясы

Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе

Решение маслихата Мангистауского района Мангистауской области от 11 марта 2014 года № 15/128. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 18 марта 2014 года № 2368. Утратило силу-решением Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 21 октября 2016 года № 5/51

      Сноска. Утратило силу решением Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 21.10.2016 № 5/51 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
       В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
       В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", а также постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить перечень категории получателей, предельные размеры социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации согласно приложению № 1.
      2. Утвердить перечень категории получателей, размер социальной помощи к памятным датам и праздничным дням согласно приложению № 2.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Мангистауского районного маслихата по социальным вопросам, законности, правопорядка, депутатским полномочиям и этике (председатель комиссии К.Бобетай).
      4. Обеспечить публикацию данного решения на официальном сайте районного акимата после его государственной регистрации в Департаменте юстиции Мангистауской области (Т.Кыланов).
      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной pегистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Т. Абдулаева
      Секретарь районного маслихата Т. Кыланов

      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного учреждения
      "Мангистауский районный отдел занятости
      и социальных программ"
      Каимова Санимгуль Накиповна
      11 марта 2014 г.
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководителя государственного
      учреждения "Мангистауский районный
      отдел экономики и финансов"
      Шабикова Рима Нерражимовна
      11 марта 2014 г.

  Приложение 1
к решению районного маслихата
от 11 марта 2014 года № 15/128

Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации

      Сноска. Приложения 1 - с изменениями, внесенными решениями Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 04.03.2015 № 23/193(вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования); 30.06.2015 № 25/209(вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования); от 28.10.2015 № 27/225(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);


п/п
Перечень категорий
Основания для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации
Предельные размеры
Сроки обращения
Периодичностьвыплаты
Социальная помощь при наступлении трудной жизненной ситуации без учета дохода
 
1
Граждане, нуждающиеся в социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации
Причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара
не более 50 месячных расчетных показателей
Не позднее шести месяцев с момента наступления трудной жизненной ситуации
Один раз в год
Наличие социально-значимых заболеваний: онкологические заболевания, вирус иммуннодефицита и различные формы туберкулеза
не более 26 месячных расчетных показателей
Не позднее шести месяцев с момента наступления трудной жизненной ситуации
Один раз в год
 
Социальная помощь при наступлении трудной жизненной ситуации с учетом дохода
2
студенты инвалиды
Оплата образовательных услуг, студентам обучающимся по очной форме, для получения академической степени бакалавра в учебных заведениях Республики Казахстан, при наличии договора и среднедушевого дохода семьи, ниже 1,5 кратной величины прожиточного минимума по Мангистауской области за двенадцать месяцев перед обращением
1) размер стоимости образова-
тельных услуг, предостав-
ляемых учебным заведением;
2)ежемесячные социальные выплаты, частично покрывающие затраты на питание и проживание в размере 5 месячных расчетных показателя
Ежегодно
 
 
 
 
 
 
 
Ежемесячно
Оплата обучения
 
 
 
 
 
 
Ежемесячные социальные выплаты, частично покрывающие затраты на питание и проживание производятся в течении 12 месяцев учебного года
3
1) студенты круглые сироты воспитанники детских домов, детской деревни;
 
2) студенты из следующих семей:
если один или оба родителя инвалиды, оба родителя пенсионеры по возрасту, смерть одного из родителей;
имеющие четырех и более совместно проживающих несовершенно-
летних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессио-
нального, после-средне-
го образования, высших учебных заведениях, после достижения ими совершенноле-
тия до времени окончания ими учебных заведений (но не более чем до достижения двадцатитрех-
летнего возраста).
Оплата образовательных услуг, студентам обучающимся по очной форме, для получения академической степени бакалавра в учебных заведениях Республики Казахстан, в целях подготовки квалифицированных специалистов для обеспечения государственных учреждений, государственных казенных предприятий образования, здравоохранения, агропромышленного комплекса, социальной защиты, культуры и спорта при наличии договора и среднедушевого дохода семьи, ниже 1,5 кратной величины прожиточного минимума по Мангистауской области за двенадцать месяцев перед обращением
1)размер стоимости образова-
тельных услуг,
предостав-
ляемых учебным заведением;
 
2)ежемесяч-
ные социальные выплаты, частично покрывающие затраты на питание и проживание в размере 5 месячных расчетных показателя
Ежегодно
 
 
 
 
 
 
 
 
Ежемесячно
 
Оплата обучения
 
 
 
 
 
 
 
Ежемесячные социальные выплаты, частично покрывающие затраты на питание и проживание производятся в течении 12 месяцев учебного года
4
Лица (семьи) по основаниям предусмотрен-
ных статьей 6 Закона Республики Казахстан "О специальных социальных услугах";
Другие лица (семьи) нуждающиеся в лечении, в связи со смертью одного из членов семьи, на бытовые нужды, на приобретение медикаментов, школьных принадлежнос-
тей
Наличие среднедушевого дохода, семьи ниже 1,5 кратной величины прожиточного минимума по Мангистауской области, предшествующий кварталу обращения
не более 40 месячных расчетных показателей
Со дня подачи заявления
Один раз в год
5
Физические лица из числа малообеспеченных безработных и самостоятельно занятых граждан Республики Казахстан, участвующих в государственных мерах содействия занятости
За 3 месяца предшествующих месяцу обращения семьям с месячным среднедушевым доходом ниже 60 процентов от величины прожиточного минимума и семьи (лица) при условии участия трудоспособных членов семьи в государственных мерах содействия занятости
Размер ОДП на каждого члена семьи (лицо) определяется как разница между среднедушевым доходом семьи (лица) и 60 процентами от величины прожиточного минимума, установленной в областях (городе республиканского значения, столице)
С месяца подачи заявления
выплачивается ежемесячно или единовременно за три месяца по заявлению претендента

  Приложение 2
к решению районного маслихата
от 11 марта 2014 года № 15/128

Перечень категории получателей, размер социальной помощи к памятным датам и праздничным дням

      Сноска. Приложения 2 - с изменениями, внесенными решениями Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 04.03.2015 № 23/193(вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования); 30.06.2015 № 25/209(вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).


п/п
Перечень памятных дат и праздничных дней
Категория
размер социальной помощи
Кратность социальной помощи
 
Получатели специального государственного пособия в соответствии с Законом Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года "О специальном государственном пособии в Республике Казахстан
1
Наурыз мейрамы – 21-23 марта
Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алка", "Кумис алка"
2 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Инвалиды всех групп, дети-инвалиды с 16 до 18 лет всех групп и дети-инвалиды до 16 лет
5 месячных расчетных показателей
Один раз в год
2
26 апреля 1986 год День аварии на Чернобыльской атомной электростанции (далее- Чернобыльская АЭС)
Лица, ставшие инвалидами вследствие ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС
60 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Участники ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах
50 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Участники ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах
20 месячных расчетных показателей
Один раз в год
3
Праздник единства народа Казахстана –
1 мая
Инвалиды всех групп, дети-инвалиды с 16 до 18 лет всех групп и дети-инвалиды до 16 лет
5 месячных расчетных показателей
Один раз в год
4
День Победы
9 мая
Участники и инвалиды Великой Отечественной войны
100 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Лица, приравненные по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны (кроме лиц, ставших инвалидами вследствие ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС)
60 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны (кроме участников ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах)
50 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную войнскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны
40 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Родители и не вступившие в повторный брак вдовы воинов погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне
40 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Семьи военнослужащих, сотрудников специальных государственных органов, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия; семьи военнослужащих, сотрудников специальных государственных органов, погибших (умерших) при прохождении воинской службы, службы в специальных государственных органах в мирное время, семьи сотрудников органов внутренних дел, погибших при исполнении служебных обязанностей; семьи погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварии на объектах гражданского или военного назначения; семьи умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний
40 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Не вступившие в повторный брак жены (мужья) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также жены (мужья) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан награжденных медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных)
40 месячных расчетных показателей
Один раз в год
4-1
70-ая годовщина Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов
ветеранам Великой Отечественной войны, членам семьи фронтовиков, погибших в Великой Отечественной войне для посещения мест боев и захоронений воинов - казахстанцев, городов - героев и городов воинской славы на территории Содружества Независимых Государств
После совершения поездки, с предоставлением проездных билетов, документов подтверждающих проживание и питание, но не более 150 000 тенге (по заявлению)
Едино
вре мен
но
5
День защиты детей – 1 июня
Дети – инвалиды с 16 до 18 лет всех групп и дети – инвалиды до 16 лет
5 месячных расчетных показателей
Один раз в год
6
День Конституции Республики Казахстан -
30 августа
Получатели государственного социального пособия по утере кормильца (на детей)
8 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Лица, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан
60 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Инвалиды всех групп, дети-инвалиды с 16 до 18 лет всех групп и дети-инвалиды до 16 лет
5 месячных расчетных показателей
Один раз в год
7
День инвалидов в Республике Казахстан
Инвалиды всех групп, дети-инвалиды с 16 до 18 лет всех групп и дети-инвалиды до 16 лет
5 месячных расчетных показателей
Один раз в год
8
День Независимости- 16 декабря
Инвалиды всех групп, дети-инвалиды с 16 до 18 лет всех групп и дети-инвалиды до 16 лет
5 месячных расчетных показателей
Один раз в год
Категория лиц, не получающих специального государственного пособия в соответствии с Законом Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года
"О специальном государственном пособии в Республике Казахстан"
9
Международный день пожилых людей
1 октября
Пенсионеры по возрасту старше 70 лет и получатели социального государственного пособия по возрасту
2 месячных расчетных показателей
Один раз в год
10
День Конституции Республики Казахстан -
30 августа
Лица, которым была назначена персональная пенсия за особые заслуги перед Мангистауской областью до 1991 года
36 месячных расчетных показателей
Один раз в год
11
День Победы – 9 мая
Граждане, относящиеся пострадавщим вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне
20 000 тенге
Один раз в год

      
      АЭС - атомная электростанция.