Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 шілдедегі № 19/162 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 тамызда № 2485 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 5/51 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2368 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурыздағы № 11 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімге мемлекеттік тілдегі 1 қосымшада:
      реттік нөмірі 1 жолдың 4-бағанындағы "50 айлық есептік көрсеткіштен кем емес" деген сөздер "50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
      "26 айлық есептік көрсеткіштен кем емес" деген сөздер "26 айлық есептік көрсеткіштен артық емес" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
      реттік нөмірі 4 жолдың 4-бағанындағы "40 айлық есептік көрсеткіштен кем емес" деген сөздер "40 айлық есептік көрсеткіштен артық емес" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Бөбетай) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Р.Бекмұратов
      Аудандық Мәслихат хатшысы Т.Қылаңов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
      23 шілде 2014ж
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Шабикова Рима Нерражимқызы
      23 шілде 2014ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады