Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 25/209 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 шілдеде № 2758 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 5/51 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2368 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурыздағы № 11 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:
       № 1 қосымшада:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5 жолмен толықтырылсын:
      "

5
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының табысы аз жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен айналысатын жеке тұлғалар
Жүгінген айдың алдындағы 3 айда отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болуы және отбасының(адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы
Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады
Өтініш берген күннен бастап
Үміт кердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді

      
      ".
       №2 қосымшада:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1 жолмен толықтырылсын:
      "

4-1
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы қазақстандық жауынгерлердің ұрыс және жерленген жерлерге, батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына бару үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлердің отбасы мүшелеріне
Сапар аяқталғаннан кейін жол жүру билеттерін, тамақтанғандығын және тұрғандығын растайтын құжаттарды ұсынуымен, бірақ 150 000 теңгеден артық емес (өтініш бойынша)
Біржолғы

      
      ".
      2.Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Бөбетай) жүктелсін.
      4.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Б.Құсымбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т.Қылаңов

      "КЕЛІСІЛДІ:"
      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
      30 маусым 2015 жыл
      "Маңғыстау аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Шабикова Рима Нерражимқызы
      30 маусым 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады