Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 04 наурыздағы № 23/193 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде № 2655 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 5/51 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2368 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурыздағы № 11 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
       № 1 қосымшада:
       реттік нөмірі 1 жол жаңа редакцияда жазылсын:
       "

1
Өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар
Табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне зиян келтіру
50 айлық есептік көрсет кіштен артық емес
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей
Жылына бір рет
Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық аурулар, иммуннитет тапшылығы вирусы және туберкулездің түрлі нысандары
26 айлық есептік көрсет кіштен артық емес
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей
Жылына бір рет

      
       ";
       № 2 қосымшада:
       реттік нөмірі 2 жол жаңа редакцияда жазылсын:
       "

2
1986 жыл 26 сәуір Чернобыль атом электростанциясындағы (әрі қарай - Чернобыль АЭС) апат күні
Чернобыль АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдар
60 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
1986–1987 жылдардағы Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысушылар
50 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
1988–1989 жылдардағы Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысушылар
20 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет

      
       ";
       реттік нөмірі 4 жол жаңа редакцияда жазылсын:
       "

4
 
9 мамыр Жеңіс күні
 
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
100 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа)
60 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар (1986–1987 жылдардағы Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа)
50 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар
40 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi
40 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
 
 
Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС – тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай – ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері)
40 айлық есептік көрсеткіш
 
Жылына бір рет
 

      
      ".
      2. Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Бөбетай) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      Аудандық мәслихат хатшысы Т.Қылаңов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
      04 наурыз 2015ж.
      "Маңғыстау аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Шабикова Рима Нерражимқызы
      ________________
      "___"____ 2015ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады