2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 06 қаңтардағы № 1-қ қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 07 ақпанда № 2357 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қатысушылардың еңбекақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздерінің тізбесі (әрі қарай - тізбе) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж. Тұманбаева).
      1) қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасасын.
      2) бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ш. Сұңғат) қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге ақшалай қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н. Тәжібаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Әкім                                    Е. Әбілов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
 

      «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ж. Тұманбаева
      06 қаңтар 2014 ж.
 

      «Мұнайлы аудандық экономика және
      қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Ш. Сұңғат
      06 қаңтар 2014 ж.
 
 

Мұнайлы аудан әкімдігінің
06 қаңтар 2014 ж.
№ 1-қ қаулысына қосымша
 

2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 04.04.2014 № 119-қ қаулысымен.

№ р/с

Ұйымдар атаулары

Жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың саны (адам)

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қай уақытқа дейін жолданады

Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері

Қаржыландыру көзі

1

«Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

8

Амбулаториялық картаны толтыру

320
 

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

2

«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

4

Құжаттарды өңдеу

160

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

3

«Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

4

Курьерлік жұмыс

160

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

4

«Мұнайлы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық коммуналдық қазыналық кәсіпорны

1

Карта толтыру

40

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

5

«№ 1 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

2

Құжаттарды өңдеу

80

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

6

«Қызылтөбе лицейі» мемлекеттік мекемесі

2

Құжаттарды өңдеу

80

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

7

«№ 5 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

2

Құжаттарды өңдеу

80

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді негізінде

Жергілікті бюджет

8

«№ 6 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

2

Құжаттарды өңдеу

80

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

9

«№ 8 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3

Құжаттарды өңдеу

120

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

10

Мұнайлы аудандық ардагерлер кеңесі

2

Құжаттарды өңдеу

80

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

11

«Мұнайлы аудандық зейнетақы төлеу орталығы» республикалық коммуналдық қазыналық кәсіпорны

4

Құжаттарды өңдеу

160

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

12

«Маңғыстау-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

8

Құжаттарды өңдеу және курьерлік жұмыс

320

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

13

«Мұнайлы аудандық соты» мемлекеттік мекемесі

1

Құжаттарды өңдеу

40

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

14

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот актілерін орындау Комитетінің Маңғыстау облысы Сот актілерін орындау Департаментінің Мұнайлы аумақтық бөлімі» мемлекеттік мекемесі

5

Құжаттарды өңдеу және курьерлік жұмыс

200

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

15

«Мұнайлы аудандық прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі

5

Құжаттарды өңдеу

200

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

16

«Мұнайлы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі

3

Құжаттарды өңдеу

120

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет

17

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әділет департаменті Мұнайлы ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

4

Құжаттарды өңдеу және курьерлік жұмыс

160

12 ай

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері негізінде төленеді

Жергілікті бюджет


Барлығы

60







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады