Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданында орналасқан Сарыкөл су тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 және Весело-Кутский су тартуының № 31, № 32 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Г. Оспанбекова
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
ММ басшысы
________________ Қ. Төлеубаев
Қарабалық ауданының әкімі
____________ А. Ысмағұлов
Әкімдіктің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 40 қаулысына қосымша |
Қарабалық ауданында орналасқан Сарыкөл су
тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 және
Весело-Кутский су тартуының № 31, № 32 ұңғымалары
учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
Сарыкөл су тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 ұңғымалары | Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 50 метр | 4,37 гектар | Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 245 метр | 29,95 гектар | Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 1734 метр | 960 гектар |
Весело- | Радиусы- әр ұңғыманың айналасында 50 метр | 1,7 гектар | Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 259 метр | 24,1 гектар | Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 1833 метр | 1070 гектар |
Ескерту: "Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы №№ 21-24 (Сарыкөл су тарту), №№ 31,32 (Весело-Кутский су тарту) ұңғымалар учаскелерінде "Ақ-Бидай-Агро" ЖШС су тартуларының санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу жобасы" картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Ақ-Бидай-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).