Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шегінде кәсіптік оқытуға 2014 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 34 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 наурызда № 4508 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 каулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасын (бұдан әрі – Жұмыспен қамтудың жол картасы) іске асыру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысушыларды кәсіптік оқытуға 2014 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін:
      1) қайта даярлау бойынша;
      2) біліктілікті арттыру бойынша.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      жұмыспен қамтуды үйлестіру және
      әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" ММ басшысы
      ________________ Е. Жаулыбаев
 

Әкімдіктің         
2014 жылғы 11 ақпандағы  
№ 34 қаулысымен бекітілген 

Қайта даярлау бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысушыларды кәсіптік оқытуға 2014 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Мемлекеттік білім беру тапсырысына өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 17.11.2014 № 573 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.06.2014 бастап туындайтын қатынастарға таратылады).


р/с

Мамандықтардың коды мен атауы

Біліктіліктің коды мен атауы

Саны (адам)

Оқыту мерзімі

1

2

3

4

5

1

1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

140101 2
Тас қалаушы

3

3 ай

2

0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру

050802 2 Кондитер

17

3 ай

3

0709000
Пайдалы қазбаларды байытушы (кенбайыту)

070917 2 Минералогиялық талдау зертханашысы

12

3 ай

4

1414000
Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)

141401 2
Жиһаз жинақтаушы

13

3 ай

5

0706000
Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу

070619 2 Бульдозер машинисі

6

3 ай

6

1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

140110 2 Плитамен қаптаушы

27

3 ай

7

0506000
Шаштараз өнері және сәндік косметика

050601 2
Шаш үлгілерін жасаушы

11

3 ай

8

1413000
Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша)

141302 2
Болат және темір-бетон құрастырылым-
дарын құрастыру жөніндегі құрастырушы

6

3 ай

9

0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру

050801 2
Аспаз

63

3 ай

10

0513000 Маркетинг (салалары бойынша)

051301 2 Азық-түлік тауарларының сатушысы

12

3 ай

11

1201000 Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

120107 2 Автомобиль-
дерді жөндейтін дәнекерлеуші

30

3 ай

12

1112000 Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану

111203 2 Жөндеуші-
дәнекерлеуші

12

3 ай

13

0503000 Дәнекерлеу ісі

050301 2 Электр құрал-
жабдықтарын жөндеуші дәнекерлеуші-
электрик

24

3 ай

14

1109000
Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)

110901 2 Токарь

9

3 ай

15

1501000
Ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету және жөндеу

150101 2
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-
машинист

12

3 ай

16

1211000
Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

121103 2 Тігінші әйел

27

3 ай

17

1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

140104 2 Сылақшы

12

3 ай

18

1201000 Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

120106 2 Автомобиль электр жабдықтарын жөндейтін электрик

11

3 ай

19

1114000
Пісіру ісі (түрлері бойынша)

111404 2 Электр газымен дәнекерлеуші

91

3 ай

20

050100 0 Әлеуметтік жұмыс

050101 3 Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

18

3 ай

21

1115000 Өндірістердегі электрлік-
механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

111504 2 Электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер

12

3 ай

22

0910000
Электр және электр механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

091003 2
Жарық беру және жарықтандыру желілері бойынша электр монтаждаушы

15

3 ай

23

1504000
Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша)

150409 2 Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электр монтер

7

3 ай

24

0513000
Маркетинг (салалары бойынша)

0513032
Бақылаушы-
кассир

10

2 ай


Барлығы


460



Әкімдіктің         
2014 жылғы 11 ақпандағы  
№ 34 қаулысымен бекітілген 

Біліктілікті арттыру бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысушыларды кәсіптік оқытуға 2014 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Мемлекеттік білім беру тапсырысы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2014 № 193 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.03.2014 бастап туындаған қатынастарға таратылады); өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 17.11.2014 № 573 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.06.2014 бастап туындайтын қатынастарға таратылады).


р/с

Мамандықтардың коды мен атауы

Біліктіліктің коды мен атауы

Саны (адам)

Оқыту мерзімі

1

0518000
Есеп және аудит (салалар бойынша)

051801 2
Бухгалтер

29

1 ай

2

1114000
Пісіру ісі (түрлері бойынша)

111404 2
Электр газымен дәнекерлеуші

23

1 ай

3

1115000
Өндірістердегі электрлік-
механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

1115042
Электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер

8

1 ай

4

0911000
Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша)

091101 3 Электромеханик

13

1 ай

5

0706000
Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу

0706112
Кезекші және жабдықтарды жөндеу жөніндегі электрослесар

2

1 ай


Барлығы


75


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады