Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 23.05.2018 № 265 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін:
"Бозентан" препараты, 125 миллиграмм таблеткасы, өкпенің артериялық гипертензиясымен ауыратын азаматтарға;
"Метотрексат" препараты, егуге арналған ерітінді, миллилитрге 10 миллиграмм, жүйелі склеродермиямен ауыратын азаматтарға;
Тобрамицин" препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, 300 миллиграмм 5 миллилитр, муковисцидозбен ауыратын азаматтарға;
"Третиноин" препараты, капсула, 10 миллиграмм, онкологиямен ауыратын азаматтарға;
Руксолитиниб" препараты, таблетка, 15 миллиграмм, созылмалы миелофиброзбен ауыратын азаматтарға;
орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі мамандандырылған емдік өнім, муковисцидозбен ауыратын азаматтарға.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 05.01.2016 № 485; 15.03.2017 № 129 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сесиия төрайымы | Т. Булгацевич |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ О. Бекмағамбетов