Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 4577 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 23.05.2018 № 265 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін:

      "Бозентан" препараты, 125 миллиграмм таблеткасы, өкпенің артериялық гипертензиясымен ауыратын азаматтарға;

      "Метотрексат" препараты, егуге арналған ерітінді, миллилитрге 10 миллиграмм, жүйелі склеродермиямен ауыратын азаматтарға;

      Тобрамицин" препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, 300 миллиграмм 5 миллилитр, муковисцидозбен ауыратын азаматтарға;

      "Третиноин" препараты, капсула, 10 миллиграмм, онкологиямен ауыратын азаматтарға;

      Руксолитиниб" препараты, таблетка, 15 миллиграмм, созылмалы миелофиброзбен ауыратын азаматтарға;

      орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі мамандандырылған емдік өнім, муковисцидозбен ауыратын азаматтарға.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 05.01.2016 № 485; 15.03.2017 № 129 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сесиия төрайымы Т. Булгацевич
      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      денсаулық сақтау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ О. Бекмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады