Мәслихаттың 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 485 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 6192 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 23.05.2018 № 265 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4577 тiркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Тобрамицин" препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, 300 миллиграмм 5 миллилитр, муковисцидозбен ауыратын азаматтарға;

      "Третиноин" препараты, капсула, 10 миллиграмм, онкологиямен ауыратын азаматтарға.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Вечтейн
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      денсаулық сақтау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ О. Бекмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады