Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 23.05.2018 № 265 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4577 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"Руксолитиниб" препараты, таблетка, 15 миллиграмм, созылмалы миелофиброзбен ауыратын азаматтарға;
орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі мамандандырылған емдік өнім, муковисцидозбен ауыратын азаматтарға.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Ахметов |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
______________________ Е. Даутбаев
2017 жылғы 15 наурыз