Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 маусымда № 7837 болып тіркелді. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 490 шешімімен. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 09.07.2021 № 75 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 20.03.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша:

      дәрілік заттар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

      бейімделген емдік өнімдер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;

      медициналық бұйымдар осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 20.03.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Даданова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      денсаулық сақтау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________ Е. Даутбаев

  Мәслихаттың
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 265 шешіміне 1-қосымша

Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 20.03.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Бозентан" препараты, таблетка, өкпенің артериялық гипертензиясымен ауыратын азаматтарға.

      2. "Метотрексат" препараты, егуге арналған ерітінді, жүйелі склеродермиямен ауыратын азаматтарға.

      3. "Тобрамицин" препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, жылауықты фиброзбен (муковисцидоз) ауыратын азаматтарға.

      4. "Третиноин" препараты, капсула, онкологиямен ауыратын азаматтарға.

      5. "Руксолитиниб" препараты, таблетка, ересектердегі созылмалы миелопролиферациялық аурумен ауыратын азаматтарға.

      6. "Пирфенидон" препараты, капсула, идеопатиялық өкпенің фиброзымен ауыратын азаматтарға.

      7. "Адалимумаб" препараты, тері астына енгізуге арналған ерітінді, ювенилдік идеопатиялық артритімен ауыратын азаматтарға.

      8. "Тоцилизумаб" препараты, тері асты инъекциясына арналған ерітінді, ювенилдік идеопатиялық артритімен ауыратын азаматтарға.

      9. "Митотан" препараты, таблетка, онкологиямен ауыратын азаматтарға.

      Ескерту. 1-қосымша 9-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы мәслихатының 20.03.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. "Стирипентол" препараты, капсула, таблетка, Драв синдромымен ауыратын азаматтарға.

      Ескерту. 1-қосымша 10-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы мәслихатының 20.03.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Мәслихаттың
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 265 шешіміне 2-қосымша

Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін бейімделген емдік өнімдер

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 20.03.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі бейімделген емдік өнім, жылауықты фиброзбен (муковисцидоз) ауыратын азаматтарға.

      2. Орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі бейімделген емдік өнім, буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға.

      3. Энтеральдық қоректендіруге арналған бейімделген емдік өнім, көмей стенозымен ауыратын азаматтарға.

      Ескерту. 2-қосымша 3-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы мәслихатының 20.03.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Мәслихаттың
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 265 шешіміне 3-қосымша

Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін медициналық бұйымдар

      Ескерту. 3-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 20.03.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:

      зарарсыздандырылған, ылғалды жақсы сіңіретін тоқыма емес, ауа жіберетін, гигиеналық салфеткалар;

      бекітілетін, жоғары эластикті, торкөзді, түтікшелі, мақталы синтетикалық бинт;

      жабыстырғыш, силиконды жабындысы бар бастырма;

      зарарсыздандырылған, адсорбентті, бактерияға қарсы, атравматикалық, дәрілік қоспасы бар таңғыштар.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 20.03.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Көмей стенозымен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:

      аспираторлық катетер;

      асқазандық сүңгі;

      трахеостомаға арналған жылуылғалалмастырғыш;

      энтеральдық қоректендіруге арналған шприц.

      Ескерту. 3-қосымша 2-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы мәслихатының 20.03.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Мәслихаттың
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 265 шешіміне 4-қосымша

Қостанай облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4577 болып тiркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған).

      2. Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 485 "Мәслихаттың 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6192 болып тiркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қостанай облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 129 "Мәслихаттың 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6972 болып тiркелген, 2017 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады