Қостанай қаласының көше атауын қайта атау және Рудный қаласының атауы жоқ көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 23 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 349 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қаңтарда № 5299 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай қаласының Павших борцов көшесі Шайсұлтан Шаяхметов көшесі деп қайта аталсын.
      2. Рудный қаласының атауы жоқ көшесіне Амангелді Жантеміров есімі берілсін.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі            Сессия төрайымы
      ____________ Н. Садуақасов          ____________ А. Сауденова

                                          Қостанай облыстық
                                          мәслихатының хатшысы
                                          ____________ С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады