Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 15.12.2015 № 230 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары Б.С. Алпысбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Ахметов
Әкімдіктің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 301 қаулысымен бекітілген
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік,
ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар:
1) "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алтынсарин аудандық ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Алтынсарин ауданы әкімдігі болып табылады.
5. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі" басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110110, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4.
11. Мемлекеттік органның толық атауы - "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесi.
12. Осы Ереже "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері.
15. "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жеке кәсіпкерлікті, агроөнеркәсiптiк кешендi және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті дамытуға және қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
16. Міндеттері:
1) ауданның аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
2) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
17. Функциялары:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
4) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
5) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
6) аудан шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
7) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
8) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
9) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде өкілетті органдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа орталық атқарушы органдарының, облыс, аудан әкімі және әкімдігінің, актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
4) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсініктемелер беру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның
қызметін ұйымдастыру
19. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
22. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және босатады;
2) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауына міндетті бұйрықтарды шығарады;
3) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығын жүзеге асырады;
4) заңнамада белгіленген тәртіпте "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделеріне мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен барлық қарым-қатынастарда өкілдік етеді;
6) жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша іс-шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікті алады;
7) оның құзіретіне жататын басқа да мәселелерді шешуге қатысады.
23. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
25. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен қалыптастырылады.
26. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды
қайта құру және тарату
28. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырылады.