"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазанда № 5121 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 23.05.2016 № 154 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Жаманов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 246 қаулысымен бекітілген

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Денисов ауданының әкімдігі болып табылады.
      5. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Целинная көшесі, 50 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің фукциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында білім беру саясатын жүргізу, азаматтардың жалпы қол жетімділік және сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету және ауданның білім беру жүйесін дамуын және әсерлі жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру және басқару жолмен аудан аумағында мемлекеттік жалпы білім беру саясатын жүргізу;
      2) Мемлекеттік Стандарттың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес міндетті жалпы білім беруді жүзеге асыру және орта білім беру мекемелерінде профильді білім беруді ұйымдастыру үшін қажетті жағдай жасау;
      3) оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесінің негізгі буыны ретінде жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету және оқушыларға уақытылы білім алуға және оқуды жалғастыруға тең мүмкіндіктер беру, бейімділігіне, мүдделеріне, қабілеттіліктеріне сәйкес және қоғамдық мұқтаждықтарын ескере отырып;
      4) тұлғаның интеллектуалдық потенциалын дамыту, оған мемлекеттік стандарттарының деңгейіне сәйкес келетін толық, жоғары сапалы білім беру;
      5) халықтың мұқтаждықтары мен тұлғаның мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы білім беру мекемелерінің әр түрлі типтер жүйесін дамыту, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;
      6) ғылым жетілулерінің енгізуі алдыңғы тәжірибелер және жаңа технологияланған білім басқармасы, білім ұйымдарының педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етуі, мамандыққа баға беретін педагогикалық кадрлармен білімдердің ең жақсы қолдануына арналған шарттарын жасау және қызметкерлердің тәжірибесімен кадрларды бекіту;
      7) қамқоршылық және қорғаншылық функциясын жүзеге асыру және қамқоршылыққа байланысты кәмелетке толмаған балалардың, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;
      8) білім жүйесіндегі қызметкерлердің заңда алдын ала ескерілген әлеуметтік құқықтарымен қамтамасыз етілуі.
      9) мемлекеттік тілдің басқа жалпы білім беретін мекемелерге қарамастан өз бетінше үйренуін қамтамасыз ету, тілді - жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелерге оқу тілінің азат зерттеуіне мүмкіндік туғызады және орыс тілінің қолданулары ұлтаралық қатынастың тілі сияқты қолданыста жүреді.
      10) мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) халықтың білім алу қажеттіліктерінің болжауын ұйымдастыру;
      2) білім жүйесінің күй-жағдайына талдау, сонымен қатар халық білім алатын қажеттіліктерінің қанағаттандыру деңгейін бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасын білім облысында атқарылып жатқан жұмыс барысында ұстайтындығын мемлекеттік білім стандарттардың сақталуын бақылау;
      3) орта білімін алғанша, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін ұйымдастырады;
      4) білім ұйымдарында оқулық–әдістемелік, ғылыми–әдістемелік, оқу-тәрбиелік процесін қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      5) жаңа оқулық жоспарлары мен білім алу бағдарламаларға тәжірибелік мақұлдау өткізу;
      6) аудан білім ұйымдарының педагогикалық және басқару кадрларымен қамтамасыз етілуін зерттеу және мамандардың дайындауында қажеттіліктің жүзеге асыруын болжау;
      7) бастапқы негізгі орта және жалпы орта білім беретін білім ұйымдарына, мектепалды дайындау бағдарламаны іске асырушы ұйымдарына оқулық жеткізуін және оқулық-әдістемелік кешендерді ұйымдастыру;
      8) құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
      9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіпте қарау;
      10) жергілікті атқару органдарымен білім саласында көрсетілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі;
      11) балаларға арналған қосымша біліммен қамтамасыз ету;
      12) аудандық масштабтағы конкурстарды және мектеп олимпиадалардың, жалпы білім беретін ғылыми жоба конкурстарын өткізуді қамтамасыз етеді;
      13) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базаларының қамсыздандырады;
      14) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, жетім балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      15) білім мониторингін жүзеге асырады;
      16) бірыңғай ұлттық тестілеуде үйренушілердің қатысуын ұйымдастыру;
      16-1) алынып тасталды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 16.03.2016 № 74 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 14.08.2015 № 148; 16.03.2016 № 74қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) білім ұйымдарында оқу-тәрбиелік процесінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
      2) қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды мемлекеттік органдарынан және лауазымды тұлғаларынан сұрау және алу;
      3) білім саласында жұмысты жетілдіруі туралы ұсыныстар енгізу;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
      5) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізу;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарында, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда ұсынады;
      2) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және бөлімге жүктелген функциялардың және міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
      3) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындап, басатып және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      5) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді;
      6) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штаттық құрылымын және кестесін бекітеді;
      7) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржы жоспарларын және қаржы құжаттарын бекітеді;
      8) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және білім беру ұйымдарының басшыларына тәртіптік жазаларды қолданады;
      9) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға шара қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
      10) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өз құзыреті шегінде сенімхат береді;
      11) құжаттардың орындалуын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады, олардын сақталуына жауапты болады;
      12) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауыды жүргізеді;
      13) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
      "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне аптасына бес күндік жұмыс және екі күндік демалыс белгіленеді. Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден - 18.00-ге дейін, үзіліс пен тамақтану сағат 13.00-ден - 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
      "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
       "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы білім ұйымдарының тізбесі:
      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 14.08.2015 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       1) "Академик Темірбай Байбосынұлы Дарқамбаев атындағы Әйет орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Антонов негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      3) "Аршалы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      4) "Алшан негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      5) "Ақсу бастауыш мектебі" мемлекетттік мекемесі;
      6) "Архангельск негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      7) "Баталы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      8) "Глебов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      9) "Георгиев бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      10) "Гришен негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      11) "Денисов орта мектебі"мемлекеттік мекемесі;
      12) "Досов негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      13) "Денисов орта мектебі № 1" мемлекеттік мекемесі;
      14) "№ 3 Денисов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) "Заәйет орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      16) "Комаров орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      17) "Кочержинов негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      18) "Красноармейск негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      19) "Набережный бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      20) "Озерный бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      21) "Окраин бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      22) "Перелески орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      23) "Покров орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      24) "Приречен орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      25) "Свердлов бастауыш мектеп-балабақшасы" мемлекеттік мекемесі;
      26) "Свердлов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      27) "Фрунзе орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      28) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Балдаурен" бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
      29) "Денисов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қырым орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      30) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      31) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Солнечный" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      32) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 1 бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      33) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 40 бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      "34) Денисов ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Денисов ауданының психологиялық–педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады