2015 жылға жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды үйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 341 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 5317 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 113 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 11.06.2015 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 15–тармақтарына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Денисов ауданы бойынша 2015 жылға жұмыссыздар үшін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбегіне төленетін ақының мөлшері аудандық бюджет қаражаты есебінен 2015 жылға белгіленген ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде бекітілсін.
      3. Мыналар белгіленсін:
      1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
      2) жалақыны есептеу мен төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Б.С. Смадияровқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі                    Е. Жаманов
 

Денисов ауданы әкімдігінің  
2014 жылғы 22 желтоқсандағы 
№ 341 қаулысымен бекітілген 

Денисов ауданы бойынша 2015 жылға жұмыссыздар үшін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлімі және нақты жағдайлары

Ұйымдардың атауы

Жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қоғамдық жұмыстардың жағдайлары

1

"Денисов ауданы әкімдігінің және Денисов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" "Дидар" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Перелески ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

79850
шаршы метр

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен.

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Антоновка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

132980
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Свердловка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

47900
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Приреченка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

68500
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Қырым ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

107100
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Фрунзенское ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

102340
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Некрасовка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

176648
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Заәйет ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

25200
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Аршалы ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

93580
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Әйет ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

27100
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Комаровка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

183300
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Покровка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

105360
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Глебовка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

231140
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Денисовка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек

1660759
шаршы метр

2

Денисов ауданы әкімдігінің "Денисов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Солнечный" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, аумағын жинау және абаттандыруға көмек

59407,6
шаршы метр

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады