Жангелдин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 156 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 шілдеде № 4919 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 20.11.2014 № 270 қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жангелдин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Коммуналдық мемлекеттiк кәсіпорындарды басқару органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиiс таза табыстың бiр бөлiгiнiң болжамды сомаларын, сондай-ақ есептi жылы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерiн берсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Кенжегарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _______________ Д. Аренова

Әкімдіктің 2014 жылғы 
9 маусымдағы № 156   
қаулысына қосымша    

Жангелдин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза табысының бір бөлігін аудару нормативі

Таза табыс
3 000 000 теңгеге дейiн

таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейiн

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегi таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейiн

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегi таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз

Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейiн

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегi таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейiн

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегi таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз

Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегi таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады