Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сужарған ауылы әкімінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде № 4966 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сужарған ауылы әкімінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сужарған ауылы әкімінің 22.04.2015 № 1 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес, Жангелдин ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 17 маусымдағы №05-15/131 ұсынысы негізінде Сужарған ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сужарған ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Ауыл әкімі
      КЕЛІСІЛДІ
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау комитетінің
      Жангелдин аудандық аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Б. Жусупбеков

А. Конысбаев
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады