Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 14.04.2015 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан бастап қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттiк мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы 18-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Исмағұлов
Әкімдіктің 2014 жылғы
22 тамыздағы № 344 қаулысымен
бекітілген
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының
мөлшерлемесін есептеу қағидалары
Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша есептеледi:
Жа = Бм *К1 *К2 *S, мұндағы:
Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бм – базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 – құрылыстың түрін есепке алатын коэффициент;
S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:
Аумақтық аймақ |
К1 |
Қарабалық ауданы |
1,6 |
Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:
Құрылыс түрi |
К2 |
Жеке тұрған |
1 |
Қосымша салынған |
1 |
Жартылай жертөле |
0,85 |
Жертөле |
0,70 |
Қоймалық |
0,60 |
2. Құрал–жабдықтарды, автокөлік қүралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
БҚ - баланстық құны;
ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
аудандық коммуналдық заңды тұрғалардың балансындағы мемелекеттік тұрғын емес қоры үшін:
Ж = S* Бм *К1*К2/ЖУ*N, мұндағы:
Ж – жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
S - ауданы (шаршы метр);
Бм – базалық мөлшерлеме;
К1- объектінің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффицент;
К2 – құрылыстың түрін есепке алатын коэффицент;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.
Құрал–жабдықтар, автокөлік қүралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшін:
Ж=Жн/ЖУ*N, мұндағы:
Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жылдық жалдау ақысы;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.