Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 153 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 шілдеде № 4910 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 51 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 22.01.2015 № 51 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару Кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Ауыл және ауылдық округтерінің әкімдері № 1 және № 2 Қарасу аудандық қылмыстық-атқару инспекциясымен келісілген қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін Қарасу ауданының № 1 сотына, № 2 сотына тоқсан сайын ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары К.Ғ. Әлімжановқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Т. Бекмағанбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы бойынша
      қылмыстық-атқару жүйесі
      департаментінің № 1
      Қарасу аудандық
      қылмыстық-атқару
      инспекциясының инспекторы
      _____________ Д. Ерғалиев

      Қостанай облысы бойынша
      қылмыстық-атқару жүйесі
      департаментінің № 2
      Қарасу аудандық
      қылмыстық-атқару
      инспекциясының инспекторы
      ____________ Е. Әбдіғалиев

Қарасу ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 12 маусымдағы
№ 153 қаулысына қосымша 

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде
жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға
арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi

      1. Аумақты қоқыстан тазарту.
      2. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
      3. Аумақты қардан тазарту.
      4. Аумақты мұздан тазарту.
      5. Аумақты арам шөптерден тазарту.
      6. Жас бұтақтарды кесу.
      7. Ағаштарды кесу.
      8. Ағаштарды әктеу.
      9. Ағаштар отырғызу.
      10. Ғимараттарды әктеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады